Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Кеш you» солисі: Әнші болудан қарағанда актриса болу әлдеқайда қиын

«Кеш you» тобының әншісі Ақбота Сейітмағамбет жуырда отандық «Гламур для дур» фильміне түсіп, басты рөлді сомдады. Ақбота әнші болудан қарағанда актриса болу әлдеқайда қиын екенін айтты.

keshyou

«Менің ойымша, әнші болудан қарағанда актриса болған әлдеқайда қиын екен. Себебі біз 3-4 сағаттап боянамыз да, 5 минут қана ән айтып кете саламыз. Онда да кейбір жерде фонограммамен айтамыз. Ал кинода тек шынайы ойнауың керек. Оны жаттайсың, дайындаласың, бір дубльді он рет-жиырма рет түсіресің. Бір сағаттық фильмнің өзін 30 күн, 50 күн түсіресің. Өте қиын», – деді Ақбота Қазақстан телеарнасының «Таңшолпан» бағдарламасына берген сұхбатында.

Айта кетейік, фильм режиссері – Асқар Ұзабаев. Алғашқыда ататлмыш фильмге продюсер әрі актриса Баян Есентаева түседі деп хабарланған болатын. Алайда елді шулатқан оқиғаға байланысты кейіннен оның орнына басқа актриса таңдалған.

fe6a4cbe3c6b9ab20752746404ad5aa8

Режиссердің айтуынша, фильм аз уақыттың ішінде ғаламтор жұлдызына айналып шыға келген жандар туралы әңгімелейді.

Жіберіп алмаңыз: 

Сатаевтың «Анаға апарар жол» фильмі Ялтада өткен кинофестивальде бас жүлдені жеңіп алды

Асхат Садырбай Ninety one тобының әнін ұнатып, стилін сынға алды

Асхат Тарғын бұрынғы әйелімен қызғаныштың кесірінен ажырасқанын айтты

Әли Оқапов: Мектеп кезінде достарым болған жоқ

Талқылау