Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Керчьтік мергеннің” флешкасынан жарылғыш заттарды жасау туралы жүзге жуық әдістеме табылды

Тергеушілер Владислав Росляковтың жеке заттарынан химия мен пиротехника оқулықтары жүктелген флешканы тауып алды. Бұл туралы РИА Новости басылымына сілтеме жасап, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Құқық қорғау органдарында жұмыс істейтін қызметкердің айтуы бойынша, флешкадан бомбаны жасау туралы әдістеме табылған жоқ.

“Флешкада жарылғыш заттардың құрылысы емес, химия мен пиротехника туралы оқулықтар бар. Барлығы ашық дереккөздерден алынған”, — дейді ол.

Бұл кітаптар бойынша бомбаны жасап шығуға болады дегенге қызметкер сенімді емес. Әйтсе де, біреудің осы оқулықтар арқылы жарылғыш құрылғыны жасап шыққаны айдай анық.

РЕН ТВ арнасының мәліметінше, 4Gb құрылғыда “жарылғыш затты жасауға арналған жүзге жуық әдістеме” бар. Сонымен қатар, күдіктінің флешкасынан колледжің суреттері мен Doom деп аталатын танымал шутердің (компьютерлік ойындардың жанры) скриншоттары табылды.

Политехникалық колледждің студенттері мен мұғалімдері күдіктінің компьютерлік ойындарға, қаруларға қызыққанын айтқан еді. Росляковты олар тұйық мінезді, тыныш жүретін жас жігіт деп атаған.

Кейбір деректерде оның психикалық аурудан қиналғаны айтылды. Мамандар қазіргі уақытта осының мән-жайын анықтау үшін қайтыс болған күдіктіге психиатрлық экспертиза жасауда.

Осыған дейін РЕН ТВ Росляков шабуыл жасамай тұрып үй маңында жеке заттарын: дәптерлер мен флешкаларды, сим-картаны, Библияны да өртеп жібергенін жариялаған. Тергеушілер өртеніп кеткен техниканың бөлшектерін тауып, оларды экспертизаға жіберген.

Сондай-ақ, телеарна жариялаған видеодан күдіктінің сол маңайға бір сейфті алып келгенін көруге болады. Оның ішінде не бары белгісіз. Росляков сейфті жерге көміп кеткен.

Естеріңізге сала кетейік, Владислав Росляков 17 қазанда Керчьтегі колледжде жарылыс жасап, 21 адамды өлтірген еді. Қаза тапқандардың ішінде бесеуі колледж қызметкерлері, ал он алтысы студенттер. Жетпістен аса адам жарақаттанды.

Талқылау