Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Кенже” фильмінде басты рөл сомдаған актер көпшіліктің көмегіне мұқтаж

Ермек Тұрсыновтың «Кенже» фильмінде басты рөлді сомдаған кішкентай актер Айбек Жебеген Сеулде емделіп жатыр.11 жасар баланың онкологиялық дертпен күресіп жатқанына 1 жыл болған. Қазіргі уақытта метастаздар өкпесіне тарапты, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.

"Кенже" фильмінде басты рөл сомдаған актер көпшіліктің көмегіне мұқтаж

Бүгінде кішкентай актер анасымен бірге Оңтүстік Кореядағы ауруханада жатыр. Ауру белгілері қайта пайда болып, метастаздар өкпеге тараған. Оған химиотерапия курсын тағайындапты.

Ал мұның бәрі бір жыл бұрын басталған. Қазақстанда Айбекті гастриттен емдеген. Алайда жағдайы одан сайын нашарлай түсіпті. Шетелдік мамандар балаға «лимфома» диагнозын қойған. Ендігі ем-домға қыруар ақша керек. Бүгінде оның бір бөлігі жиналыпты.

«Осы емнің бәрін тек қана сіздердің арқаларыңызда алып отырмыз. Көмек қолдарыңызды созып , көпті көрсе көл болады деп қазақ халқының қалай көмектесетінін  көрдік. Қазір ем алып жатырмыз. Бүгінде 170 мың доллар төледік. Мұндай ақшаны жинауға отбасымыздың шамасы жетпейтін еді», – дейді анасы Венера Оңалбаева.

Алдағы уақытта ем-домның үшінші кезеңі өткізілуі тиіс. Оған тағы 50 мың доллар қажет.

Кішкентай актер мен ата-анасы ғажайыпқа сенеді. Отбасы Айбектің болашағы жарқын болатынына сенімді. Себебі Айбек фильмде рөл сомдап қана қоймай, джаз мектебінде білім алып, оркестрде ойнап, жүзумен айналысады.

Реквизиттер: “Kaspi Bank” АҚ, KZ65722R000024086441

БИК: CASPKZKA БИН: 971240001315

Оналбаева Венера Наркузыевна, ЖСН 770214402431

Qiwi әмиян: +7 707 720 71 60

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау