Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кентал мен Санда “хит” әндерінің шығу тарихын айтып берді

Кентал мен Санданың орындауындағы «Прости, мне очень жаль» әні сөзсіз хитке айналды. Бүгінде бұл өлеңді білмейтін жан жоқ деп айтуға болады.

13259076_1796860117211054_423590973_n

Небәрі екі айдың ішінде бейнебаянды тамашалағандар саны 2 миллион 800 мыңға жуықтады. Бейнебаян желісі, мәтін мағынасы баршаға белгілі. Алайда бұл туындыны жарыққа шығару үшін Кенталдың екі жыл тер төккенін екінің бірі біле бермейді. Орындаушылар туындының шығу тарихымен бөлісті. Кентал сөзсіз хитке айналған әннің авторы өзі екенін айтып мақтанды.

«Сөзін өте талантты, дарынды кісі жазды. Ол – мен», – деді ол «Түнгі студия» бағдарламасына берген сұхбатында.

Әнші әрі ән авторы бұл туындыны жазуға екі жыл кеткенін мәлім етті.

«Бас-аяғы екі жыл кетті. Кішкене жазамын, одан кейін ауырып қаламын, қайта жазамын, қайта ауырып қаламын, солай созып жүріп қалдым. Содан кейін Сандамен кездесіп, келістік», – дейді әнші.

Әнші клипті басқаша түсіргісі келгенін мойындады.

«Алғашқыда подъезден Санда шыққан кезде кішкентай қыз менің аяғымды құшақтап алып, сол кезде уақытты тоқтатамыз деп ойладым. Жаңбыр енді ғана жауа бастаған кезде тоқтап қалуы тиіс еді. Бірақ оған ақшамыз жетпеді», – деп қалжыңдады ол.

Жіберіп алмаңыз: 

Жұрт Кентал мен Санданың орындауындағы әнді «Алло»-ның көшірмесі деп сынады (видео)

Баян Есентаева: Ендігі Баян қандай? Оны мен білмеймін

Қазақстандық “Аманат” фильмі “Оскар” сыйлығына ұсынылды

Аружан Жазылбекова тек қазақтарды таситын такси жүргізушісіне ашуланды

 

Талқылау