Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кения астанасына кіріп кеткен арыстан көшедегі адамға шапты (видео)

Кения астанасы Найробиге кіріп кеткен жабайы арыстан көліктерден қашып бара жатып, көшедегі ер адамға шабуылдаған.

20160318185840 (1)

Қазір жапа шегуші ауруханаға жеткізілді.

Әлеуметтік желілерде Найроби қорығының шекарасынан шығып қала шетіне келген арыстан жайында жазбалар, суреттер әлеуметтік желіде пайда болғаннан кейін арнайы қызмет оны аулауға шықты.

Мамандар жыртқышты қолға түсіргенге дейін ол бір қартты жарақаттады.  Арыстанды көрген көліктегілер дабылдатқан, одан үріккен аң патшасы бассауғалап көшке кезіп кеткен. Осындай сәттің бірінде жыртқыш алдынан кездейсоқ шығып қалған қартқа тап берген болып шықты.

Еске сала кетсек, Найроби ұлттық саябағы ел астанасының іргесінде орналасқан. Онда жыртқыштардың неше түрі, әрі жойылып бара жатқан қара мүйізтұмсық өмір сүреді. Түрлі аңдар қалаға еніп кетпес үшін қорықтың қала тұсына бірнеше қабат мықты қоршау орнатылған. Алайда бұл қоршау кейбір аңдардың қалаға кіріп кетуіне кедергі бола алмай отыр.

Талқылау