Кемероводағы қайғылы жағдайда отбасынан айырылған ер адам өрт басталған кезде түсірілген видеоны жариялады

«Зимняя вишня» сауда-ойын-сауық орталығындағы өртте үш баласы және әйелі мен әпкесінен  айырылған Кемерово қаласының тұрғыны Игорь Востриков өрттің қалай басталғаны жазылған қадағалау камерасынандағы видеоны жариялады.

Бейне Instagram-да тікелей эфир барысында көрсетілді. Камера объективіне кинотеатрға кіретін аумақ түсіп қалған.

Игорь Востриков кинотеатрдың есіктері ашық болғанын дәлелдеу үшін видеоны жариялаған.

Бұған дейін ер адам  Кемероводағы «Зимняя вишня» кинотеатрының есіктері құлыпталмағанын айтып видео жариялаған болатын.

Ол есікті сауда-ойын-сауық орталығына келушілердің бірі бекіткенін айтты.

Сонымен қатар, Кемерово қаласының тағы бір азаматы Александр Ананиев қайғылы оқиғаға қатысты өз нұсқасын КСО-ның төрағасы Александр Бастрыкинге жеткізді. Ол сол күнгі өртте үш баласынан айырылған еді. Кәсіби электрик болып табылатын азамат өрт қысқа тұйықталу себебінен басталды деп есептейді.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мамандары Стрела-П мобильді диагностикалық кешенімен сауда-ойын-сауық орталығының ғимаратын қарап, оны төтенше жағдай деп таныды.

Бұдан басқа, соңғы есептерге сәйкес, Кемеровоның Орталық аудандық соты облыстың мемлекеттік қадағалау басқармасы инспекциясының бұрынғы бастығы Танзалия Комкованы бір ай және 25 күнге қамауға алды. Тергеу барысында ол заңсыз салынған «Зимняя вишня» ғимаратын пайдалануға тыйым салу жөнінде шаралар қабылдау керек болған.

Оқи отырыңыз:

Балалар есіктің артында қалды: «Зимняя вишня» кинозалының есігін жапқан ер адам өртте қыздарынан айырылды

Жерде пайда болған жарықшақтан Африка контитенті екіге бөлінуі мүмкін

Жыныстық дау-жанжалға қатысты айыпталғандар өздеріне жала жапқан жігіттің үстінен арызданды

Картоптан өте сирек кездесетін ауруға шалдыққан әйел 13 жыл бойы жабық кеңістікте өмір сүріп келеді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
25.04.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар