Балалар есіктің артында қалды: «Зимняя вишня» кинозалының есігін жапқан ер адам өртте қыздарынан айырылды

Кемероводағы «Зимняя вишня» кинозалының бірінің есігін жапқан ер адам сол күнгі өртте екі қызынан айырылып қалған. Ол әлі күнге дейін ауруханаға жатыр. Ер адам қыздарын өрттен құрқаруға тырысқанымен, бірақ ол жерден өзі ғана аман шықты.

Бұл туралы Instagram-да Михаилдың әйелі хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Ольганың жазбасы өртте сіңлісі, әйелі және үш баласынан айырылған Игорь Востриковтың оқиғасының жалғасы болды. Қадағалау камераларында көрсетілген бейне бойынша, ер адам балалар мен әйелдерді құтқару үшін залдың есігін құлыптаған. Ол кинозалдың ішіне түтін кірмесін деп, барлық тесіктерді бекіткен екен.

«25 наурызда менің екі қызым да киноға барды. Көптен күткен фильм уақытында басталып, аяқталды. Ол зал ата-аналар мен балаларға лық толы болған. Сеанстың соңында көрермендер есікке жақындап, оны ашты. Бірақ түтіннен ештеңе көрінбеді. Қатты ыстықта тек көпшіліктің айқайы ғана естілді», – деді Ольга күйеуінің сөзін келтіріп.

Олардың сөзіне қарасақ,  апаттық дабыл да, ешқандай ескерту де берілмеген. Ал ер адамдар өрт сөндірушілер келіп құтқарады деген үмітпен есікті құлыптап, барлық ашық жерлерді заттармен бекіткен.

«Залдағы қалған есіктердің барлығы құлыптаулы болған. Адамдар суға малынған шүберекпен ғана тыныс алған. Залдағылар балалар естерінен танып, құлай бастағанда ғана қашуға тырысқан. Балалардың көпшілігі түтінге тұншығып қалған. Кейін ер адамдар апаттық есікті бұзып ашқан, бірақ ол жерді де түтін басып қалған. Сол уақытта күйеуім есінен танып қалған екен. Оны дәлізден сүйреп шығарған. Ал сол жерде болған адамдардың барлығы кинозалдан шыға алмаған, олардың ішінде баларым да бар. Қыздарым Вероника мен Василиса, сондай-ақ сол күнгі өрттен аман шыға алмағандардың жаны жәннатта болсын», – деп жазды Ольга.

«Зимняя вишня» сауда орталығының төртінші қабатында болған өрт жергілікті уақыт бойынша сағат 16-да тұтанған. Мұнда кинотеатрлар мен ойын автоматтары, сондай-ақ балалар ойын-сауық орталығы орналасқан. Түтін бөлмелер арқылы бірден тарады. Оқиға нәтижесінде 64 адам қаза тапты, соның ішінде 41 бала. Ал  79 науқас медициналық көмекке мұқтаж болған.

Оқи отырыңыз:

Жерде пайда болған жарықшақтан Африка контитенті екіге бөлінуі мүмкін

Жыныстық дау-жанжалға қатысты айыпталғандар өздеріне жала жапқан жігіттің үстінен арызданды

Картоптан өте сирек кездесетін ауруға шалдыққан әйел 13 жыл бойы жабық кеңістікте өмір сүріп келеді

Сергей Мавродиді ешкім жерлегісі келмейді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
12.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар