Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Келіншек енесінен тұңғышын қалай қайтарарын білмей жүр

Қазақстандық келіншек қызы өз тағдырын қайталайды деп қорқып жүр. Өзін де бір кездері әжесі баққан екен. Артынша анасы алып кетіп, көпке дейін әжесіне деген сағынышын баса алмай жүрген.

154187

Бұл туралы «Үшбу хат» парақшасында жазылды.

Айымгүл Ақбергенқызы (есімі өзгертілді) осыдан екі жыл бұрын тұңғышын енесіне берген. Бүгінде күйеуі екеуі қыздарын қайтып ала алмай жүр. Енесі немересіне қатты бауыр басып қалғанын айтады екен. Осы орайда, ол жұрттан ақыл-кеңес сұрады.

«Сіздерден ақыл-кеңес сұрағым келіп отыр. Осыдан 2 жыл бұрын қызымды 9 айлығында енемнің қолына бергенмін. Өзіміз жаспыз, күйеуім екеуіміз оқимыз. Ата-енемнен бөлек, басқа қалады тұрамыз. Уақыт өте келе тағы да қызды болдым. Енемнің туған қызы қайтыс болып кеткен. Менің қызыма әбден бауыр басып алған. Бір жағынан жақсы бағатыны үшін қуанамын. Екінші жағынан бойымды өкініш кернейді. Қызымды ауылға демалысқа барған кезде ғана көремін. Сағынсам да, қызыма өте суықпын. Ол да маған жақын емес. Енем жақсы. Бізге ақша салып, асырап отыр.

Бірақ, осы баланы қызғанамын деп арамызда талай ұрыс болған. Кеше енеммен Whats App желісі арқылы ашық сөйлестім. «Бала жалтық болып өсіп келеді. Қашан қолымызға алсақ болады?» дедім. Ал ол кісі қыздың алдағы уақытта өздерінің қолында қалатынын айтты. Мен де жалтақ болып өскенмін. Мені кішкентайымда алып кетіп, анамнан жылулық көрмей, әжемді сағынып жүруші едім. Қызым да менің тағдырымды қайталайды ма деп қорқамын. Арада тағы да ұрыс болуы мүмкін. Содан да қорқамын. Күйеуім де қызымызды өз анасынан қызғанады. Осындай жағдай бастарыңыздан өткендер бар ма? Мен не істейін?» – дейді Айымгүл Ақбергенқызы.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Пәктігінен күштеп айырылған қыз жігіт атаулысынан қорқып қалған

32 жастағы қыз жұрттан өзі үшін дұға етуді сұрады

Анасының қалауымен 9 жас үлкен азаматқа тұрмысқа шыққан қыз әрекеті үшін өкінді

Көңілдес: Келіншегінің де, менің де аяғым ауыр

Талқылау