Келер аптадан бастап еліміздің барлық өңірінде тозығы жеткен көліктер қабылданады

Жұма, 18 Қараша , 2016 8:24

Келер аптадан бастап еліміздің барлық өңірінде тозығы жеткен ескі көліктерді қабылдау үрдісі басталады. Демек, кез-келген азаматтың қаңтарылып тұрған темір тұлпарын тапсырып, орнына қаржы алуына мүмкіндік туады.

utilizatsiya-avto-640x372

Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

Атап өту керек, тиісті бағдарламаға сәйкес, салмағы 3 жарым тоннадан аспайтын жеңіл көліктер ғана қабылданады. Және утилизациялық төлем көлемі де баршаға бірдей емес. Мәселен, барлық қосалқы бөлшектері бар көлікке – 150 мың, ал істен шығып, кейбір құрылғылары қамтылмаған көлікке – 48 мың теңгеден берілмек. Еліміз бойынша тозығы жеткен автомобилдерді толықтай сатып алу үшін қыруар шаруа атқару керек. Әзірге, Энергетика министрлігі жыл соңына дейін 10 мың көлікті қабылдауды жоспарлаған. Статистикаға сүйенсек, елімізде автомобильдердің 58 пайызы ескірген.

“Толық жиынтығы жоқ көліктерге 48 мың теңге көлемінде қаржы беріледі. Ал беріліс қорабы, қозғалтқышы, есіктері, жүк салғыш қақпағына дейін қамтылған техникаға 150 мың теңге қарастырылған. Көлігін өткізуге ниет білдіргендер қабылдау орнына техниканы өздері әкелуі тиіс. Әрине ол қосымша шығын. Біз бұл мәселені де алдағы уақытта талқылайтын боламыз”, – дейді «ӨКМ Операторы» ЖШС басқарушы директоры Рустам Темірбеков.

Жіберіп алмаңыз:

Ғалымдар адамның тәттіден семірмейтінін дәлелдеді

АҚШ-та алматылық медициналық сақтандыру құжаты болмағандықтан ауырып қайтыс болды

Алматы облысында жаңа туған сәбиін әжетханаға тастаған келіншек кешірім сұрады

Таразда сегіз жастағы қызды зорлаған азғынға қатысты сот үкімі шықты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев

Пікір қалдыру


Анонимно
18 күні 18 сағат кері

Кай жерде кабылдайды менде ески колик бар еди

Анонимно
19 күні 22 сағат кері

80пайыз десе дұрыс болар еді ескі көліктер

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
08.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар