Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Қазақтелеком» ресейлік 4 бірдей телеарнаның көрсетілімін тоқтатады

«Қазақтелеком» АҚ 11 желтоқсаннан басап ресейлік кей телеарналардың көрсетілімін тоқтатады.

Бұл туралы «Қазақтелеком» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Ресейлік телеарналар көрсетілімінің тоқтауына ретрансляциялау құқығының құны жоғарылауы себеп болыпты. Осы себептен «НТВ-Мир», «РТР-Планета», «Россия-24» және «Россия-Культура» телеарналарының көрсетілімі тоқтатылатын болады.

«Бұл телеарналар Ресей Федерациясы аумағында көпшілікке қолжетімді телеарналар қатарына кіріп, Ресей аумағындағы көрсетілімі тегін жүзеге асады. Ақылы телевидение операторлары бұрынғы кеңестік мемлекеттер аумағында аталған телеарналар контентінің қолданылуына шығын шығармайды», – деп мәлімдеді «Қазақтелеком» АҚ.

Компания әлі де келіссіөз жүргізуге ниетті екенін мәлімдеді. Олар келісімшарттың бұрынғы шарттарын сақтап қалуға тырыспақ. Керісінше жағдайда компания қызметін қолданушылар үшін қызмет құны артады. Қазақстан тарапы аталған телеарналарға абоненттік төлем құнын бұрынғы деңгейде қалдыруға мүмкіндік беретін баламалы нұсқаларды ұсынған екен. Алайда ресейлік тарап ұсыныстарды қабылдамапты.

Бүкілресейлік мемлекеттік телефизия және радио хабарларын тарату компаниясының мәлімдеуінше, аталған мәселе желтоқсан айынының ортасында шешімін табады, деп жазады kommersant.ru.

Оқи отырыңыз:

Бесікке бөлеу баланың денсаулығына қаншалықты зиян

Жексенбіде еліміздің басым аумағында көктайғақ болып, тұман түседі

Тайсон: Мұсылман болып өлемін

Экс-депутат елорда мектептеріндегі әжетханалардың жағдайын сынап тастады

Талқылау