Қазақстанның туын қоқысқа тастай салған Қостанай тұрғыны халықтан кешірім сұрады

Жұма, 11 Қараша , 2016 10:04

Қостанай қаласында мемлекеттік туды қоқысқа тастап кеткен әйел халықтан кешірім сұрады.

P1080332

Бұл туралы ng.kz хабарлайды.

Әйел “Сұлтан” спорт кешенінде вахтер болып жұмыс істейді екен. Ольга Шумилова мемлекеттік ту қоқыс контейнеріне кездейсоқ тасталған дейді.

“Өмірімде бірінші рет осындай жағдайда қалып тұрмын. Не істеу керектігін де білмеймін. Халық алдында және өз ұжымымнан кешірім сұраймын. Ұжымды ұятқа қалдырғаным үшін қатты ұяламын”, – дейді әйел.

“Мен спортзалды жинастырып жүріп туды көріп қалдым. Оны қолыма алып қарап едім, матаға бояу тиген екен, сосын оны өзге қоқыстардың қасына қоя тұрдым. Маған күйеуім келді де, екеуміздің шұғыл түрде халыққа қызмет көрсету орталығына баруымыз керек болды. Мен асығыс барлық қоқысты ала шыққанмын. Ал онда не бар екеніне мән бермеппін. Дереу барып оларды қоқыс контейнеріне тастап кеттім”, – деп қосып өтті Ольга.

Ал Шумилов мекеме ішінде сағатқа жуық уақыт болған. Сосын барып ол өзге қоқыстардың қасына туды да қойғанын есіне түсіріпті. Алайда қайта келгенде туды таппаған. Ол негізі жалауды жуып-тазалауды ойластырған екен.

Ал ІІД-нің хабарлауынша бұл жағдайға байланысты сотқа дейінгі тексеру әлі жүргзіліп жатып, сол себепті іс әлі соңына жеткен жоқ.

Еске сала кетсек, 4 қараша күні қаладағы халыққа қызмет көрсету орталығы жанындағы қоқыс контейнерінен мемлекеттік ту табылған. ХҚК департаментінің қоғаммен байланыс менеджері Эльмира Сейілханованың айтуынша, қоқыстан табылған мемлекеттік ту бұл мекемеге тиесілі емес екенін мәлімдеген болатын.

Оқи отырыңыз:

Алматыдада “бәйгеге” түскен екі автобус бағдаршамның қызыл түсіне қарамай өте шыққан (видео)

АҚШ президенті Трамптың Головкинді күтіп тұрған видеосы пайда болды (видео)

Бас прокурор педофилдердің неліктен жазадан құтылып кететінін айтты

Жібек Мусинованы зорлады деген күдіктілер бойжеткеннің өз еркімен қатынасқа түскенін мәлімдеді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

4
Комментариев

Пікір қалдыру


Анонимно
26 күні 5 сағат кері

Ішкен казанына тышты деген осы мынадай малдарды жазалау керек

Анонимно
27 күні 14 сағат кері

Неге туға немқұрайды қарайды?Қоқыс жанына тастай салады…со сын шаруасын шаруалап ұмытып кетеді. Жазалануы керек меніңше

Алаштың баласы
27 күні 19 сағат кері

Жақсы сабақ болды!!!!

Анонимно
27 күні 21 сағат кері

Əттең, қазақ болса соттареді…. енді ақтаған түрін қарашы.

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
09.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар