Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы ауысты

Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев ҚР қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетінің басшысы болып тағайындалды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Қазақстанның мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы ауысты

Бұған дейін бұл лауазымды Ардақ Теңгебаев атқарған еді. Ведомствада хабарлағандай, ол бұл қызметінен өз еркімен кеткен және комитет басшысы ретіндегі өз жұмысын 17 қазанда аяқтады.

Ал Сұлтанғазиев осы қызметке тағайындалғанға дейін призидент әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінде меңгерушісі болып қызмет атқарды.

Марат Сұлтанғазиев қазір 42 жаста, ол Алматы облысында дүниеге келген. ЖОО-нын экономика және қаржы, заң мамандығы бойынша тәмамдап, іскерлік әкімшелендіру бойынша магистр дәрежесін алды. Ол Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінде, Қазақ мемлекеттік заң академиясында және Тұрар Рысқұлов атындағы қазақ экономикалық университетінде оқыды.

Мансабын Алматы қаласының салық жүйесінде жұмыс істеуден бастады. Одан кейін қаржы министрлігінде кафедра меңгерушісі қызметін атқарды. Кейіннен президент әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің сектор меңгерушісі лауазымына ауысты. Ал 2018 жылы Алматы қаласындағы мемлекеттік кірістер бөлімін басқарды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау