Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Қазақстанның құрметті азаматы”: Атақтың құны қанша?

Жаңа жыл қарсаңында еліміздегі бірқатар тұлға мемлекеттік марапатты иеленді. Алайда бүгінде «Қазақстанның құрметті азаматы» деген атақты сатып алуға болатыны белгілі болды.

"Қазақстанның құрметті азаматы": Атақтың құны қанша?

Таяуда өнерде жүрген жұлдыздардың бірқатары «Қазақстанның құрметті азаматы» атағын алған еді. Бірақ бұл атақты сатып алуға болады екен. Яғни аталған атаққа қол жеткізгеннен кейін, қайырымдылық мақсатында 1 миллион 200 мың теңге төлеу қажет, деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасап Stan.kz.

Комитет өкілінің сөзінше, атақтың кімдерге берілетінін комиссия шешетін көрінеді.

Бірер күн бұрын «Жігіттер» тобының әншілері мен продюсері Ерғали Әбдірайымов «Қазақстанның құрметті азаматы» атанғандарын айтып, қуанышымен бөліскен-ді. Сонда олар атаққа қол жеткізу үшін 7 миллион теңге төлеген бе?

«Құдай сақтасын, ол жеті миллион болса, ол ақшаға әжептәуір дүние жасауға болады ғой. Құрметті ешкімнен сатып алып, құрметті бола алмайсың. Бұл жерде мен оны сатылады дегенді білмедім», – дейді Ерғали Әбдірайымов.

Өз сөзінде продюсер аталған атақты алатын кезде топтағы жігіттермен ақылдасқанын айтты.

Ал журналист Жұлдыз Әбділдә мұндай атақ бар екенін білген кезде қатты таңғалғанын жасырмады. Атаққұмарлық қанымызда бар, дейді ол.

«Осы «Қазақстанның құрметті азаматы» деген атақты алып жатқан адамдар: «Сонда басқа азаматтар құрметсіз бе?» – деген сұрақты өздеріне бір рет қою керек деп ойлаймын. Қаншама адам еңбек етіп жатыр. Және оны ақша төлеп алғандарын айтпай, Алланың қалауымен деу – өте күлкілі», – дейді журналист.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау