Қазақстанның аудан орталықтарында 4G-дің қамтылатын уақыты белгілі болды

Сәрсенбі, 19 Қазан , 2016 17:55

Қазақстанның барлық аудан орталықтарында 4G  стандартты мобильді байланыс желісі қосылады.

20161019150246

Бұл туралы бүгін ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің  алқа отырысында ведомство басшысы Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Телекоммуникацияны дамытудағы басым міндеттердің бірі халықтың интернетке кеңжолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету. Бүгінде пайдаланушылар саны 73 пайызға жетіп отыр. Бұл Қазақстанның бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық рейтингі индексінде 41-орынға тұрақтауына мүмкіндік берді. Тұрғындар саны 10 мың және одан да көп ауылдық елді мекендерде 3G стандартының мобильді байланысы енгізілді. 4G стандарты тұрғындар саны 50 мыңнан асатын ауылдық елді мекендерде қосылды.  2017 жылдың соңына қарай еліміздің барлық аудан орталықтары 4G стандартымен қамтылатын болады»,-  деді ол.

Сонымен бірге Абаев, министрлік «Қазақтелеком» және «Транстелеком» компанияларымен бірлесіп, ауылдық елді мекендерді интернет желісіне кеңжолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету жобасын әзірлегендігін айтты.

«Аталған жобаны жүзеге асырудың нәтижесінде 1300 ауылдық елді мекенде жаңа буындағы байланыс инфрақұрылымы құрылатын болады. Ол ауыл мектептерінің, ауруханалардың, пошталардың, түрлі мемлекеттік ұйымдар мен бюджеттік мекемелердің жоғары жылдамдықты интернетке қосылуын қамтамасыз етеді», – деді министр.

Оның деректеріне қарағанда, «OTAU TV» спутниктік хабар тарату желісі еліміздің аумағын 100 пайыз қамтыған. 1 қазандағы мәліметтерге сәйкес, абоненттер саны 1,2 млн. адамды құраған. Осы ретте Абаев аталған бағыт бойынша жобаны іске асыру жөніндегі жол картасын бекіту, «OTAU TV» бәсекеге қабілеттілігі мен көрсетілімін арттыру жөнінде ұсыныстар енгізуді тапсырды.

Жіберіп алмаңыз:

Алматылық қыз тойда төбелескеннен кейін полицияға өзін зорлады деп жалған айтқан

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Нурбол Кызылкога says:

    барлык ауылдарга 3G кондырса жетип жатыр азирше 4G ди кала аудандарга кондыра берсин

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар