Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар жыныстық қатынас кезінде қандай жарақаттар алады?

Қарқынды жыныстық қатынастың әсерінен тек төселген жиһаз ғана емес, адамның денесі де зардап шегуі мүмкін. Остеопат дәрігер Асқар Өткелбаев «Караван» басылымына берген сұхбатында, ләззаттанған организмнен адреналин және эндорфин бөлініп шығады, сол себепті серіктестердің көбісі ауырлықты бірден сезінбейді дейді.

Қазақстандықтар жыныстық қатынас кезінде қандай жарақаттар алады?

«Әйелдердің әдеттегіден де көп тізесін бүгіп тұруы, көп ретте бел омыртқаларын ауыртуға әкеліп соғады. Сосын мойын да ауырады. Әрі қарай жамбас бұлшық еті жарақат алады. Бұл да әйелдерге қатысты. Себебі қатынас барысында серіктесінің аяғына қысыла түседі. Бұның бәрі менің тәжірибемнен емес. Егер еркек төсек қатынасы кезінде әйелді қатты жарға тіреп мойын омыртқасын ауырта түсетін болса, мұның нәтижесінде арқа тұсына ауырлық түсіп, әйел сал ауруына да ұшырауы мүмкін. Бақытқа қарай, мұндай жағдай сирек кездеседі», – дейді дәрігер.

Асқар Өткелбаевтың айтуынша, жарақат көбінесе шектен тыс елірген, дөрекі, тым қатты энергетикалық секс кезінде пайда болады екен. Кім ыңғайсыз орналасса төсекте, сол көп зардап шегеді. Сондықтан көп нәрсе қалыпқа байланысты. Мәселен, миссионерлік дене қалпын дәрігерлер қауіпті деп санайды: еркекте бұл қалып кезінде омыртқасы бүктеліп қалу қаупі туындайды екен.

«Егер жыныстық қатынастан ұзақ уақытқа қол үзетін болса, онда жыныс мүшелерінің және жатыр мойыншағының қабынуы орын алуы мүмкін. Ал эрекция кезінде дене жасушалары тапталып, еркектің күші әлсірейді», – дейді уролог Ренат Үмбетов.

Кең таралған жарақаттардың бірі – еркектің жыныс мүшесі аймағындағы ілмектің бұзылуы. Бұл қолайсыз жарақат көбінесе есірген, қарқыны қатты төсек қатынасы кезінде орын алуы мүмкін. Сондай-ақ бұл жарақатқа ер мен әйелдің төсектегі күй қалыбын дұрыс таңдамаулары да әсер етеді. Ер мен әйелдің бірінің жыныстық қатынасқа ішімдік ішкен күйлерінде де түсуі денсаулық жағдайларына біраз зиян келтіреді.

Талқылау