Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар қай жаста және қай ағзаларын емханаларда тексерту керек?

Асқынуды болдырмау үшін аурудың алдын алу қажет. Сондықтан қазақстандықтарды емханалардан хабарласып тексеруден өтуге шақыруда. Осы орайда Stan.kz ақпараттық агенттігі оқырмандарға қай жаста және қай мүшелерді тексеру керектігін еске салады.

Білу маңызды: қазақстандықтар міндетті скринингтік қарап-тексерулерді қай кезеңде өтуі тиіс?

Халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық қарап-тексерулер – бұл ауруларды ерте сатыларында анықтау және аурулардың өршуінің, аурулардың пайда болуына әсер ететін қатер факторларының алдын алу, халықтың денсаулығын қалыптастыру мен нығайту мақсатында жаппай әдіспен жүргізілетін жаппай профилактикалық медициналық (скринингтік) қарап-тексерулер.

Скринингтік қарап-тексерулерді оңтайландыру қатерлі ісіктер мен инфекциялық емес ауруларды ерте анықтауға, сондай-ақ халыққа сапалы медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Профилактикалық медициналық қарап-тексеруге жататын нысаналы топтар мен скринингтік қарап-тексерулерді өткізу кезеңі:

1. 1-17 жастағы балалар: 1 жасқа дейін – ай сайын, 2 жасқа дейін  – 3 айда 1 рет, 3-17 жас аралығында – жылына 1 рет.

2. артериялық гипертония, жүректің ишемиялық ауруы, қант диабеті, глаукома, онкологиялық патология бойынша – 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жастағы диспансерлік есепте тұрмайтын әйелдер мен ерлер – 2 жылда 1 рет;

3. жатыр мойны обыры бойынша– 30, 34, 38, 42, 46, 50, 54, 58, 62, 66, 70 жастағы диспансерлік есепте тұрмайтын әйелдер – 4 жылда 1 рет;

4. сүт безі обыры бойынша– 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жастағы диспансерлік есепте тұрмайтын әйелдер – 2 жылда 1 рет;

5. полипоз, жуан ішектің обыры бойынша – 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жастағы диспансерлік есепте тұрмайтын ерлер мен әйелдер – 2 жылда 1 рет өтеді.

Скринингтік қарап-тексеру қандай медицианалық зерттеулер мен талдауларды қамтиды?

Балалар:

1-3 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда – әрбір алты ай сайын алдынғы скринингтің нәтижелеріне қарамастан №6 Алгоритмге сәйкес тежеліп туындаған отоакустикалық эмиссияны тіркеу әдісімен жаңа туған нәрестелердің және ерте жастағы балалардың аудиологиялық скринингін жүргізу алгоритмін қоса алғанда үш жасқа дейінгі балаларға ТТОАЭ тіркеу әдісімен аудиологиялық скрининг жүргізеді.

4-6 жаста ойлау және сөйлеу, қимылдық даму, назар мен ес, әлеуметтік байланыстар бағаланады.

7-8 жаста психоқимылдық сала мен мінез-құлық, интеллектуалдық даму, эмоциялық-вегетативтік сала бағаланады.

9-10 жаста абстрактілік-логикалық операциялардың қалыптасуын, логикалық талдауларын бағалау қосылады.

11-17 жаста эмоциялық-вегетативтік сала, соматикалық-вегетативтік құбылыстар, вегетивтік-диэнцефалиялық құбылыстар анықталады.

Ересектер:

артериялық гипертония, жүректің ишемиялық ауруы және қант диабеті – антропометриялық өлшеулер жүргізуді (салмағы, бойы, белдің көлемі), кетле индексін есептеуді; жалпы холестерин мен қан глюкозасының экспресс-диагностикасын жүргізуді; кардиолога пен эндокринологтың тексеруінен өтуді;

глаукома – көзішілік қысымды өлшеуді, офтольмологтің тексеруінен өтуді;

жатыр мойны обыры – цитологиялық қорытындылар кезінде тереңдетілген диагностикалауды (кольпоскопия, биопсия, гистологиялық зерттеу), акушер-гинекологтың тексеруінен өтуді;

сүт безі обыры – маммография мен онкологтың тексеруінен өтуді;

жуан ішек обыры – колоноскопия және биопсия, дәрігер маманның тексеруінен өтуді қамтиды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау