Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар Головкин – Уэйд жекпе-жегін көре алмай қалуы мүмкін

Орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин мен америкалық Доминик Уэйдтің жекпе-жегінің трансляциясы қауіп алдында тұр.

photo_73501

Сурет vesti.kz

Бұл туралы tengrinews.kz хабарлайды.

Еске салайық, кездесу 2016 жылдың 26 сәуіріне белгіленген. Спорт порталының мәліметінше, қазіргі уақытта бірде-бір отандық телеарна бұл жекпе-жектің таратылымына қатысты келісімшарт жасаспаған. Ал Геннадий Головкиннің жекпе-жектерін үзбей беріп жүрген “Қазақстан” телерадиокорпорациясы да, KazSport спорт арнасы да бұл жекпе-жекке қатысты пікір білдірмей отыр.

Корпорация өкілдері қазіргі уақытта жекпе-жектің трансляциясы жайлы мәліметтің жоқ екенін айтты. Өзге телеарналардың өкілдері де бұл жекпе-жекке қатысты таратылым жайлы келісімнің жоқ екенін айтып отыр. Еске сала кетейік, Головкиннің Доминик Уэйдке қарсы жекпе-жегі 24 сәуірде (Қазақстан уақыты бойынша) Лос-Анджелесте өтеді.

Талқылау