Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар ең жоғарғы зейнетақыға қалай қол жеткізе алады

Қартайғанда алатын зейнетақы мөлшері жеткілікті болу үшін жас қазақстандықтар нені білуі қажет? Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова баспасөз-мәслихатында айтып берді, деп хабарлады ҚазАқпарат. 

Фото: fincenter.info

“100% алу үшін қандай шарттар қажет? Жастар осы сұрақтың жауабын білуі тиіс. Егер еңбек нарығына 21 жасыңызда келсеңіз, еңбек өтіліңіз 33 жылдан асуы қажет. Яғни ақша жинау жылы да осыған сай болса, онда базалық зейнетақы көрсеткіші 100 %-ды (ең төменгі күнкөріс деңгейінің – 28 284 теңге) құрайды. Ал зейнетақы жарналары тұрақты түрде төленіп, біраз ақша жиналса, бірыңғай зейнетақы қорынан қосымша ақша төленеді. Сондықтан ең көп жұмыс істеген адам ең жоғары зейнетақы алады», – деп түсіндірді Светлана Жақыпова.

Вице-министрдің сөзіне қарағанда, 1998 жылғы дейін есептелетін еңбек өтілі біртіндеп азаятындықтан, ынтымақты зейнетақы жүйесі қысқартылады. Осыған байланысты 2020 жылдан бастап жұмыс берушілер зейнетақы қорына қосымша 5 проценттік төлемдерді аудара бастайды. Осылайша, бір адамның жарнасы 15 пайызға жетеді.

«Зейнеттік жасқа шыққанда жинақталған қаржының мөлшері 12 минималды зейнетақыдан төмен болса, онда ол қаражатты бірден алуға рұқсат беріледі. Одан кейін ешқандай төлемдер жасалмайды. Ал жинақтың көлемі жоғары болса, онда базалық зейнетақымен бірге ай сайын бірыңғай жинақтау қорынан да ақша түсіп тұрады», – деп атап көрсетті Светлана Жақыпова.

Жіберіп алмаңыз:

“Абу-Даби Плазадағы” даудың неден шыққаны белгілі болды

60 жастағы ер адам Ақтау тұрғындарын спорттық шайқасқа шақырды (видео)

Ақтөбе облысында қайтыс болған 250-ден аса адамның мәйіті табылмай жатыр

Ақтөбелік жігіт балконға кранмен көтеріліп, ғашығына сөз салды (видео)

Талқылау