“Абу-Даби Плазадағы” даудың неден шыққаны белгілі болды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нұржан Әлтаев “Абу-Даби Плаза” кешенінде шыққан дауға құқықтық сауатсыздық негіз болғанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Фото: informburo.kz

Вице-министрдің айтуынша, адамдардың көп жағдайда еңбек шартын оқымай қол қоя салуы түрлі түсініспеушілікке әкеп соғады. Әлтаев жұмысшылардың құқықтық сауаттылығын арттыру қажет екенін, министрлік осы бағытта жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

“Көп жағдайда қызметкерлер еңбек шартына оқымастан қол қоя салады. Бұл өте өзекті мәселе, біз бұл бағытта жұмыс істеуіміз керек. Кешегі “Абу-Даби Плаза” кешенінде шыққан дау да осының айқын мысалы. Жеке еңбек шартына қол қойған адамдар құжатты оқымағаннан кейін, келісімшарт бұзылғанына таңғалып отыр. Ал шартта олардың белгілі бір жұмыс көлеміне алынатыны, аяқталатын мерзімі көрсетілген”, — дейді ол.

Әлтаев қазір “Абу-Даби Плазада” жұмыс көлемі азайып жатқанын айтты. Қазіргі таңда ресми түрде 62 адаммен еңбек шарты бұзылса, таяуда тағы 200 адам жұмыстан босатылады.

“Біздің еңбек инспекторлары құрылыс алаңына барып, төрт компанияның өкілдерімен әңгімелесті. Наразылыққа шыққан жұмысшылардың уақытша алынғаны белгілі болды. Екінші мәселе, еңбек инспекторлары жұмыссыз қалған азаматтармен сөйлесіп, мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек түрлерін ұсынды. Бүгінде Астанада 4500 бос орын бар. Біз сол жұмыс орындарын жаңағы құрылысшыларға ұсындық. 4500 бос орынның 200-і құрылыс саласына қарасты. Бірақ,  азаматтар біз ұсынған орындарға онша қызығушылық таныта қоймады. Олардың басты мәселесі өтемақы алу болып отыр”, — деді вице-министр.

Әлтаевтың айтуынша, Еңбек кодексі бойынша уақытша алынған азаматтарға ешқандай өтемақы қарастырылмаған. Ал “Абу-Даби Плазадағы” төрт компания жұмыссыз қалғандарға өз еркімен бір айлық көлемде  өтемақы төлеп отыр.

“Біздің инспекция заңның бұзылған-бұзылмағанын тексеріп жатыр. Зерттеу нәтижесі бүгін-ертең белгілі болады”, — деді Әлтаев.

Вице-министр жұмыс берушілердің әлеуметтік жауапкершілігі тек заң аясында ғана болмауы керектігін атап өтті.

“Жұмыс берушілердің әлеуметтік жауапкершілігі тек заң аясында ғана болмауы керек, олар қол астындағыларына қолдау көрсетуі тиіс. Біз осы бағытта жұмыс жүргізуіміз керек. Мәселен, сол “Абу-Даби Плазаны” алайық, былай қарасақ бәрі заңды сияқты, бірақ ешкімге хабар берместен, есікті жауып, жұмыс орнына кіргізбей қоюға болмайды ғой?!”, — деді ол.

Әлтаев құқықтық сауатсыздықты жою үшін әр апта сайын министрлікте салалық қауымдастықтар мен салалық кәсіподақтармен кездесу өтетінін айтты.

Тағы да оқыңыз:

Қарағандыдағы оқушы өлімінің себебі: 7-сынып оқушысы селфи жасамақ болып абайсызда көз жұмған (фото)

Павлодарда ата-аналар балабақшаның асханасынан шіріген тамақ пен тышқан нәжісін тапқан

Қазақстандықтардың базалық зейнетақысы қаншаға өседі?

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
23.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар