Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық жұлдыздар иммунитеті жоқ баланың еміне ақша жинап  жатыр

Лидо мен Сая Оразғалиевалар өз жазылушыларына Семейден келген баланың еміне ақша жинауға өтініш білдірген.

49789d570aeecc04497ae519ce46e406

Богдан жақында ғана 11 айға толды. Осы қысқа өмірінде ауруханадан көз ашпаған. Ол басында пневмониямен, бронхитпен, отитпен, проктитпен сырқаттанған. Дәрігерлер жарты жылға дейін оған диагноз қоя алмады. Енді, Вискотт-Олдрич —  диагнозы қойылды. Ол –  туа біткен мутация. Бұл иммунитет  жоқтығын білдіреді. Мұндай ауру өмірде өте сирек кездеседі.

“Ұлымыз көз алдымызда сөніп барады. Жағдайын білсек те, басқа жолын қарастырып келеміз. Қол қусырып отыра алмаймыз ғой”, – деді анасы Екатерина. Айтуынша, олар интернет арқылы Санкт-Петербург тұрғынын тапқан. Ол да  тура Богдан секілді ауруға шалдыққан екен. Ол да ауруына ем іздеп, біраз сандалыпты. Сол кісіден бұл ауруды Италия емханасында емдей алатынын білді. Баланың өзінен бағаналық жасушаны алып, арнайы дәрі-дәрмекпен өңдеп, қайтадан орнына салады. Нәтижесін бірден 2-3 күнде көруге болады.  Ол пікірмен дәрігерлер де келісті.

Содан өз күштерімен әлем бойынша Богданға донар іздестірді. Бірақ одан ештеңе шықпады. Негізі балама мен 50 пайызға келемін. Сол кезде оның басқа жолын қарастарды. Ал жақында комиссия баланы Үндістанға емдеуге жіберетін болды.  Ол жақта барса емхана донарды қайтадан  іздейді.

“Біз негізі ақшаны қолма қол берсе екен деп ойладық. Себебі оған дейін жиналған акшаның бәрін қосып, емдей алатын жерге апарар едім”, – деді Екатерина. Айтуынша, Үндістандағы емханаға  130 мың доллар кетеді екен.

Бірақ ота 152 мың еуроға шығады. Қазір демеушілер мен еріктілердің арқасында 21 мың еуро жиналды.  Әлі де болса ақша жетпейді. Сондықтан  Семейде тұрып жатқан бір бөлмелі пәтерді сатылымға қойған.

Негізі операция 29 қарашаға белгіленген.

.

Талқылау