Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақ жігіті өзгеден жүкті болған сүйіктісіне өз еркімен үйленген

Қазақстандық жігіт сүйіктісінің өзін алдағанына қарамастан, іштегі баланы аяп, оны алып қалғанын айтты.

couple-1812777_960_720

Бұл туралы “Әйел бақыты” бағдарламасында айтылды.

2011 жылға дейін Нұрдәулет пен Несібелі қыз-жігіт болып жүреді. Айтуларынша, бір-бірін сүйіп қосылған. Нұрдәулетті анасы ата-әжесінің тәрбиесіне беріп, ол үш жасқа толғанда екінші рет тұрмысқа шыққан. Ал Несібелі балалар үйінде тәрбиеленген. Несібелі ханым тойға дейін жүкті болып қалып, Нұрдәулетті өзіне үйленуге міндеттейді. Ұлан-асар той болмаса да, жігіттің туыстары беташар жасап береді. Осыдан кейін жігіттің туысқандары қызды гинекологқа апарып тексертеді. Сол жерде баланың басқа азаматтан екені анықталады. Осыған қарамастан, Нұрдәулет пен оның туысқандары Несібеліні өз отбасыларына қабылдайды.

«Жас кезімізде қыз-жігіт болып жүрдік. Ол жүкті болып қалып, маған «Мені әйелдікке аласың» деді. Беташар өткен соң, әпкем несібеліні ауруханаға апарып тексертті. Сол кезде баланың менікі еместігі анықталды. Үйдегілер «Ол – жетім қыз екен. Іштегі баланың еш кінәсі жоқ. Босқа обалына қалмайық» деп айтты. Осылайша қызды алып қалдық. Бір жұмыстарыммен Мәскеуге кеттім. Араға 6 ай салып елге оралдым. Маған Рамазан Шораев деген азамат хабарласты. Несібелінің өзінің жұбайы екенін айтты. Дәлірек «Сен 6 айға Мәскеуге кетіп қалған екенсің. Мен Несібеліні үйдегілермен таныстырдым. Ол менен ақша өндірмекші болды» деді», – дейді Нұрдәулет мырза.

Дәл қазір ерлі-зайыптылар жанжалдасып жатыр. Оларды жігіттің анасы Мәскеудегі туысқандарына құлдыққа сатып жіберген болуы мүмкін. Әзірге істің ақ-қарасы толық анықталмады.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Ақтөбелік әйел күйеуінің опасыздығына көз жұмған құрбысына ашуланды

Әйелі сотталған қазақстандық азамат қызын тастап, көлікті алып қашқан

Күйеуінен күдіктенген әйел оның қалтасына мүшеқап салып беріп жүр

Қазақ жігіті салақ әйеліне үй шаруасын үйрете алмағанын айтып налыды

Талқылау