Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық жігіт әйел кейпінде сұлулық байқауының финалынан өткен соң жігіт екенін мойындады (фото)

Алматы тұрғыны әйелдер арасындағы «Miss Virtual Kazakhstan» байқауына қатысып, финалға жетті. Алайда ол мұнан кейін өзінің еркек екенін мойындады.

Басылымның ақпараты бойынша, байқаудың бірінші кезеңінде қыздардың фотосуреті бағаланған. 22 жастағы Илай Дягилев байқауға өзінің суретін жіберіпті. Ол шымкенттік Рина Алиеваның образында суретке түскен екен, деп «Sputnik Қазақстан» басылымына сілтеме жасай отырып Stan.kz деп хабарлайды.

Сурет: Sputnik Қазақстан

Алайда Илай мұнан әріге бармай, өзінің ер адам екенін мойындады. Байқау ұйымдастырушылары оның бұл мәлімдемесінен кейін Илайда үміткерлер қатарынан алып тастап, орнына басқа қызды енгізген.

«Достарыммен сұлулық жөнінде дауласып қалдық. Сонда мен осы байқауға қатысуды ұйғардым. Мен қашан да табиғи сұлулықты қолдаймын. Қазір қыздардың бәрі бір-біріне ұқсайды. Бәрі бірдей боянады, киінеді. Сондай-ақ, сән трендтерін ерсе, өздерін әдемі санайды. Алайда менің пікірім оған қайшы», – дейді Илай.

Илайдың сөзінше, ол “Miss Virtual Kazakhstan» байқауына «әйелдердің табиғи сұлулығын» насихаттау үшін қатысқан.

Оқи отырыңыз:

Есімін құпия сақтаған азамат құлағы бетіне біткен балаға көмектесетін болды

Аслан Мусин ұлының өліміне қатысты мәлімдеме жасады

Талқылау