Аслан Мусин ұлының өліміне қатысты мәлімдеме жасады

Жексенбі, 4 Ақпан , 2018 8:59

Қазақстан президенті әкімшілігінің бұрынғы басшысы Аслан Мусин ұлы Асылбектің қайғылы қазасынан 40 күн өткеннен кейін мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Stan.kz.

Сурет: 7news.kz

Мусин өзінің видео жолдауында қиын сәттерде отбасына қолдау білдірген қазақстандықтарға алғыс айтты. Сондай-ақ, ол көпшіліктің сыны мен алып-қашпа сөздеріне ақпараттың жетіспеушілігі себеп екенін атап өтті.

Аслан Мусин ұлының ғылыми зерттеулерімен мақтанатынын жеткізді.

«Асылбектің басқаруымен Голландияда бір монотеистік институт құрылып, қызмет етіп келеді. Институт адам шығармашылығының гуманитарлық, философиялық саласын зерттеп, жүйелейді. Израиль, Ресей, Қытай, Жапония және Еуроодақ мемлекеттеріндегі ғалымдармен бірге 114 том кітап шығарылымға дайындалды. Онда адамзаттың бағзыдан бүгінгі күнге дейінгі ойтолғамы қамтылған», – дейді Аслан Мусин.

Сонымен қатар Аслан Мусин қазіргі уақытта Құран, Іншіл, Тәурат және басқа да қасиетті кітаптарды оқуға арналған әмбебап сөздік жасалуының қолға алынғанын айтты.

Әкесі мен ұлының пікірлестері Асылбектің құрметіне «Несущий свет» аталатын фильм түсірген. Ол Аслан Мусиннің видео жолдауынан кейін бірден басталады.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан Республикасы президент әкімшілігінің экс-басшысы Аслан Мусиннің ұлы Асылбек Мусин Латвияда 15-қабаттан секіріп көз жұмған еді.

Оқи отырыңыз:

Тойда есіріп билеген жігіт пен қыз желі қолданушыларын ашуландырды (видео)

Елорда тұрғындары мешіт маңында дәрет сындыратын автобус жүргізушілеріне шағымданды

Ұялы телефонның қоңырауына Құранды қою қаншалықты дұрыс?

Оған сенеміз: Ақтөбелік Билл Гейтске алданып қалған салымшылар оны босатуын сұрап отыр

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
20.02.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар