Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның жемістері мен көкөністері неліктен Ресейдің қоқыс алаңында жойылды?

Қазақстаннан келген картоп, пияз және ананастар сүйемелдеу құжаттарынсыз болғандықтан оларды қоқыс алаңында жоюға тура келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық жемістер мен көкөністерін неге Ресейдің қоқысында жойды

Қазақстандық жемістер мен көкөністерді фитосанитарлық сертификаттары болмағандықтан Ресейге кіргізуге тыйым салынған.

11 шілде күні шекара пунктінде Қазақстаннан барған жүк көлігі тоқтатылды. Көлікте 1600 тонна жемістер мен көкөністер болған. Оларды кіргізуге рұқсат берілмеген басты себеп – фитосанитарлық сертификаттың және де басқа құжаттардың жоқтығы.

Келеңсіз жағдайға душар болған Самар ауданына бара жатқан картоп, пияз және ананас болатын.
Ресей ауыл шаруашылығын бақылау басқармасының сайтында көкөністер иесі оларды жоюды шешті деп хабарланған. Жемістерді Бузулук қаласы маңындағы қоқыс алаңында жоюға тура келді.

Бір күн бүрын Орск қаласына 20 тонна пияз өткізілмеген болатын. Себебі тағы да фитосанитарлық сертификаттың жоқтығы.
Ресей жеріне подкарантинді өнімдерді кіргізу ережесі бұзылғандықтан әкімшілік құқық бұзу туралы іс қозғалған.

Ертерек Ресей ауыл шаруашылығын бақылау басқармасы қазақстандық сүт өнімдерін кіргізуге шектеу қойған. Бұл шешімнің кесірі Қостанай қаласындағы айлықтары қысқарған жұмысшыларға тиген. Шектеу 9 шілдеден бастап алынды деп хабарланған болатын.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

 

Талқылау