Қазақстандық жүргізушілер жол сақшысына сақтандыру полисін көрсетпеуіне болады

Дүйсенбі, 13 Қараша , 2017 16:44

Ұлттық банк парламентке осындай ұсыныспен келді. Көлік иелері сақтандыруды қағаз күйінде тасымай, онлайн рәсімдейді. Бірақ бұндай жаңалықты енгізу үшін әр сақшыны гаджетпен қамтамасыз ету керек, деп хабарлайды КТК.

Жүргізушілер сақтандырусыз жолға қалай шықпақ? Бұндай жаңалық Ұлттық банктің елдің Сақтандыру туралы заңына өзгерістер енгізу туралы заң жобасында қарастырылған.

Бұл құжат жалпы сақтандырудың барлық түрлерін жетілдіруді көздейді. Мәселен ең кең тараған автокөлік сақтандыру полисін енді қағаз күйінде тасудың қажеті болмай қалуы мүмкін.

“Онлайн сақтандыру 2019 жылдың бірінші қаңтарынан жұмыс істейді деп жоспарлап отырмыз. Онда сақшылар сіздің көлігіңізді тоқтатса, сақтандыруды қағаз күйінде талап етпейді. Дерек базасына сұрау салулары тиіс”, – дейді ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Жанат Құрманов.

Қазақстан цифровизацияны бетке алғанмен, цифрлі технологияның құқық қорғау органдарына келуі асықпай отыр. Ұлттық банк мамандары бірінші кезекте барлық жол сақшыларын гаджеттермен қамтамасыз ету керек дейді. Ал басқа бір сақтандыру түрін бүгін депутаттар ерекше қызу талқылады. Мәселе теңіз жағасында демалуды жақсы көретіндерге қатысты. Ұлттық банк турпакеттің құнына кіретін туроператордың 1225 теңге сақтандыруына, тағы бір сақтандыру түрін қоспақшы. Іс білетін халық қалаулысының айтқанын өз ауызынан тыңдап көрейік.

“Сіздердің ұсынып отырғандарыңыз проблеманың шешімі емес, туроператорлардың міндетті сақтандыруына туристердің жеке басын сақтандыруын қосарлап қоймақшысыңдар. Түбінде бар салмақ тур пакет алатын туристке түседі”, – дейді Мәжіліс депутаты Меруерт Қазбекова.

Туристер далада қалып аузы күйген үкімет «Туристік қамқорлық» деген қор құрған енді. Олар күтпеген күтпеген жағдайлар болып қалғанда отандастарымызды шипажайдан елге жеткізеді. Ол аздай енді туристің бас-басына сақтандыру енгізу ұсынылды.

Тағы да оқыңыз:

Украиналық жылқы шаруашылығы қымыз жасап пайда тауып отыр

Ресей “Байқоңырдың” бір бөлігін Қазақстанға қайтарады

Шымкент-Астана әуе рейсінің жолаушысы қаза болды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
13.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар