Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкент-Астана әуе рейсінің жолаушысы қаза болды

Шымкент-Астана бағытында қатынайтын ұшақтың жолаушысы қаза болды.

Ұшақ аспанға көтерілгеннен кейін жолаушылардың бірі өзін жайсыз сезініпті. Өкінішке қарай, оған алғашқы медициналық көмек көрсетілгенімен, аман алып қалу мүмкін болмаған.  Сөйтіп, ұшақ шұғыл түрде кері қайтқан. Ал, әуежай қызметкерлері дереу жедел-жәрдем мен полиция қызметкерлерін шақыртқан, деп хабарлайды TVK арнасы.

 Тексеру кезінде қаза болған азамат 1947 жылы туған Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы екені анықталған. Бірақ, бүгінгі күнге дейін Астана қаласында тұрып келген. Сондай-ақ, онымен бірге ұшақта әйелі болған.

Әйелінің айтуынша, 70 жастағы жолаушы қант диабетімен ауырған екен. Қазір тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Тағы да оқыңыз:

52 жастағы қаңғыбас Кембридж университетіне оқуға түсті

Қостанайда 7 жасар бала жүріп келе жатқан көліктен құлап мерт болды

Түрмеде намаз оқыған сотталушылардың жыныс мүшесіне ыстық су құйып азаптаған

Талқылау