Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық заңгер жұмыс күнін 7 сағатқа қысқартуды ұсынды

Қазақстандық заңгер Жангелді Сүлейменовтің айтуынша, жұмыс күнінің 35 сағатқа дейін қысқаруы экономикамыздың ешқандай да төмендеуіне әсер етпейді.

1457751544_10-prichin-nikogda-ne-xodit-na-rabotu (1)

Сурет: vistanews.ru 

«Еңбек кодексіне сәйкес, жұмыс күні аптасына 40 сағаттан аспауы тиіс, яғни 5 күндік жұмыс үшін күніне 8 сағат есептеледі, деп жазады ол Facebook парақшасында.

Еліміздегі ұйымдардың барлығында дерлік жұмыс күні 9-дан 6-ға дейін бекітілген. Алайда, бұл егер бір адамның, әсіресе әйелдердің өзіндік кестесімен салыстырар болсақ өте ауыр жұмыс кестесі.
Мәселен: 6-00-де Адам ұйқыдан тұрады, жуынады, таңғы ас ішеді. 7-00-де баланы мектепке апарады. 8-00-де жұмысқа барады. Жұмыс кейде С 9-00-18-00, кейде 20-00-ге дейін болады. 18-00 мен 20-00 аралығында баланы мектептен алып қайтады, дүкенге барады. 20-00 мен 23-00 аралығында кешкі ас дайындап, кір жуып, киім үтіктеп, баланың сабағын қадағалайды. 23-00-де ұйқыға бас қояды. Демалыс күндері үй тазалайды, қонақ күтеді.

Адам осылайша тыным таппайды, демалу дегенді білмейді. Сондықтан ашулы, шаршаңқы болып жүреді.

Осы себепті Еңбек кодексіне өзгертулер енгізуді ұсынамын. Жұмыс күнін күніне 7 сағат қылып, аптасына 35 сағаттан артық жұмыс істемеу керек деп ойлаймын. Сондай-ақ жұма күні түске дейін жұмыс істейтіндер үшін 4,5 жұмыс кестесін ұсынар едім.

«Мұндай жұмыс уақытының тек пайдалы жағын көруге болады. Атап айтсақ, адамдар жұмыстан көп шаршамай, денсаулығы жақсы болады; отбасымен әңгімелесе алуы үшін қосымша уақыты болады; көп адам өзін бақыттырақ сезінетін болады; кей адам спортпен, не өзі қалаған ісімен айналысуға уақыт табады; бір сағаттық жалақы көлемі артады; жұмыс орнындағы энергия көзі аз жұмсалып, экологияның ластануы да азаяды», – дейді ол.

Оның айтуынша, 8 сағатта атқаратын жұмысты 7 сағатта-ақ атқаруға болады. Заңгер шетелдерді жұмыс кестесін мысалға ала отырып, осылайша ұсыныс тастады. Мәселен, Нидерландыда аптасына 30,5 сағат, Финляндияда 33 сағат жұмыс істесе, Францияда 35 сағат, Ирландияда 35,3 сағатқа негізделген. Ал, АҚШ-та әлемдік экономикалық дағдарыс салдарынан жұмыс аптасының 34,5 сағатқа қысқарғанын алға тартты.

Желі қолданушылары бұл ұсынысты әр түрлі қабылдады. Біреулер оның ойын құптаса, енді бірі жұмыс кестесінің бәрінде бірдей еместігін, қазақстандықтардың жұмыс кестесі кешкі алтыдан да көп екенін айтты.

Жіберіп алмаңыз:

Астанада әкімдік мемлекеттік компанияларға жұмыс күнін 8:30-дан бастауды ұсынды

Қазақстандықтар жұмыс уақытында стресстен көп зардап шегеді

Ұзақ жұмыс күні әйелдерді обыр және өзге ауруларға шалдықтырады

Талқылау