Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар жұмыс уақытында стресстен көп зардап шегеді

Қазақстандықтар жұмыс барысында жиі стреске түседі екен. Мамандардың бағалауынша шым-шытырыққа толы ұжым мен жұмыстан шығып кетуге байланысты қорқыныш – стреске түсіретін басты факторлар. Аталмыш факторлар адам денсаулығына зиян келтіруі ықтимал.

0b4bsg0wBHY

Сурет 4b.livejournal.com

Бұл туралы Экспресс К басылымы хабарлайды.

“Статистика бойынша адамдардағы стрестің 80 пайызы жұмыс барысында болады. Мұның қасында тіпті қаржылық және отбасылық мәселелер де артта қалады”, – дейді Алматы кәсіподақ ұйымының жетекшісі Жұмагүл Тәжібекова.

Жұмысты ойлап жүйке жұқартуды ел тұрғындары азайтса құба-құп. Себебі отандық нарық біртіндеп кеңге қанат жайып келе жатыр. Бұл тұрғыда негізінен Алматы мен Астананы көшбасшы ретінде атауға болады. Бұл қалалардағы жұмыс істейтін халық саны 113 мың адамға өскен. Егер Алматы қалалықтарды негізінен сауда саласында жұмыспен қамтамасыз етсе, Астанада “ЭКСПО” көрмесінің арқасында еңбек нарығы кеңейіп келе жатыр.

“ЭКСПО-2017″ 16 мың адам үшін жұмыс орынын тауып берді”, – дейді сараптама жасаған Ranking.kz.

Талқылау