Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық экологтар Әзірбайжан тарапының айыбы негізсіз екенін айтты

Қазақсан Каспий теңізінің тек өзіне қарасты аумағын ғана өндіреді. Онда мұнай қалдықтары табылуы мүмкін емес. Сондықтан Әзірбайжан тарапынан айтылған мұндай айып негізсіз.

kaspiy-11

Қазақстандық экологтар Каспий теңізінің ластануына байланысты Әзірбайжанның экология министрінің айыбы негізсіз екенін айтады.

Әзірбайжанның экология және табиғат ресурстарын қорғау министрі  Гусейн Багировтың айтуынша, су бетінде пайда болған дақтар «конденсат қалдықтары» болып табылады. Платформадағы өрттің салдарынан су бетінде мұнайдан қалған дақтар осының айғағы екенін айтқан.

“Мен Қазақстанда Кеңес дәуірінен қалған мұнай ұңғымаларын эксплуатация жасайды деген айыпқа таң қалдым. Баршаңыз білетіндей, Қазақсан Каспий теңізінің тек өзіне қарасты аумағын ғана өндіреді. Онда мұнай қалдықтары табылуы мүмкін емес. Сондықтан Әзірбайжан тарапынан айтылған мұндай айып негізсіз» – деді “Эко Мангистау” мекемесінің басшысы Кирилл Осин.

Оның айтуынша, Маңғыстау, Атырау облыстарында заңды консервіленген ұңғымалар бар. Бірақ олар қазір экспуатацияланбайды. Олардың бәрі теңіздің өзінде емес. Олар суға батырылған. Сондықтан мұнай қалдығы содан келеді деп қарау еш негізсіз.

Бұған дейін Әзірбайжан министрі Қазақстанды Каспий теңізін  ластады деп айыптағаны жайлы хабарлаған болатынбыз.

Талқылау