Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық велосипедші қыз жарыс кезінде қайтыс болды

Қазақстандық велосипедші Дана Ахметова  есін жимастан көз жұмды.

8f09fff4-e0d3-49b3-a164-e0e942a741f2

Қазақстан велосипед спортының федерациясы таратқан ақпаратқа сәйкес,  17 жастағы спортшы Алматыда өтіп жатқан IV  спорттық ойындар жарысында есінен танып құлаған.

Спортшыны №7 ауруханаға алып келген, алайда ол есін жимастан қайтыс болды.

«Дана Ахметова өте дарынды спортшы болатын. Жарыстарда жеңіске деген ұмтылысы ерекше еді. Маусым басталғалы бері Жастар ойындарының шосседегі  сайысында – күміс, тректегі сайыста – 2 қола медалін иемденген болатын. Оның қазасы барлық велоқауымдастық мүшелері үшін ауыр қайғы болып отыр. Оның отбасына қайғырып көңіл айтамыз», – деді Қазақстан велосипед спортының Федерациясынан.

Дана Ахметова Солтүстік Қазақстан облысының дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатында білім алған.

Қазақстан Республикасының спорт шебері 2016 жылдан бастап Олимпиялық дайындық орталығының спортшылары тізіміне алынған.

Тағы да оқыңыз:

Альварес: Жекпе-жек 12 раунд болмайды, Головкинді сөзсіз нокаутқа түсірем

Қазақтардың кезінде қалмақ қыздарына таласқаны рас па?

Бойжеткен бейнеролик түсіру кезінде абайсызда өз жігітін атып өлтірді

Талқылау