Қазақстандық түлек әлемдік деңгейдегі университеттің 100 мың АҚШ долларлық грантын жеңіп алды

Бейсенбі, 18 Тамыз , 2016 18:13

Қазақстандық Камила Абдрасилова  әлемдік деңгейде ең абройлы саналатын жоғары оқу орнының грантын жеңіп алды. The Hong Kong University of Science and Technology басшылары  «Мирас» мектебінің түлегі тапсырған емтихандардың қорытындысын қарап, Камиланың білім алуына 100 мың АҚШ долларын бөлген.

камила

Камила емтихан кезінде ең жоғары баллды жинаған. Әлем мектептерінің тек 272 – сінде ғана өз түлектеріне емтиханның осындай өзгеше тәсілін қолданады. Тек 216 түлек ғана биыл  ең максималды болып саналатын 45 баллды жинаған.

Қазақстандық бітірушінің емтихан қорытындысы өзі таңдаған The Hong Kong University of Science and Technology университет оқытушыларының көңілінен шыққан. Енді  Камила төрт жыл бойы тегін білім алады.

«Бұл оқушы еңбектің арқасында адам ойламаған жетістікке жетуге болатынын дәлелдеді. Камила қатарластарынан ақылы мен рухани байлығы,шығармашылық көзқарас, жұмысқа деген қабілеттілігімен ерекшеленді»,-дейді Абдрасилованың ұстазы.

 

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

3
Комментариев
  • Уалихан Ж says:

    Билимди урпвгымыз бар гой. Тек соларды колдай, котермелей билсек

  • Анонимно says:

    Алла жар болып, аңсаған белестеріне жетуіне тілектеспін!

  • Анонимно says:

    Еңбегің жансын, Камила! Жақсы оқып, озат бол!

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар