Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық спортшы допинг дауына ілікті

Австрияның Сефельд қаласында өтіп жатқан шаңғы жарысы бойынша әлем чемпионатының қатысушы командаларына Австрия қалалық полициясы допингке қарсы тексеріс жүргізген. Бұл туралы неміс журналисі Хейо Зеппелт өзінің твиттер парақшасында мәлімдеді деп хабарлайды Stan.kz  ақпараттық агенттігі.

Қазақстандық спортшылар допингке ілінді

Хейо Зеппелт өз жазбасында Қазақстан, Эстония және Австрия спортшылары күдікке ілінді деп жазды. Сондай-ақ бұл рейдті Австрия мен Германияның құқық қорғау органдары жүргізетінін қадап айтты.

Жүргізілген рейд нәтижесі Австрияның федералдық қылмыстық полиция басқармасының веб-сайтында жарияланды. Билік өкілдерінің айтуынша, Германия мен Австрияның құқық қорғау органдарының бірлескен рейдінде 9 адам, оның ішінде Австрия, Эстония және Қазақстан спортшылары ұсталды.

Зерттеу барысында дәрігер Марк С. негізін қалыптастырған  Эрфурттағы қылмыстық құрылым бірнеше жылдан бері спортшыларға заңсыз есірткі  жеткізгені анықталып, тергеуге алынды.

Құқық қорғау органдарының мәлімдеуінше, Сефельдеде қылмыстық топтың екі мүшесі және екеуі Австриядан, біреуі Қазақстаннан және екеуі Эстониядан келген бес спортшы тұтқынға алынған. Сонымен қатар,  дәрігер Марк С. және оның сыбайласы 40 жастағы неміс ұлтының азаматы ұсталды.

Бұған қоса, қазақстандық спортшы Алексей Полторанин жарысқа әлі шықпағаны мәлім болды. Бұл ақпаратты Ұлттық шаңғы жарысы федерациясының баспасөз қызметі растап отыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр