Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық шаңғышылар Украинада өткен сайыста жүлделі орындардың барлығын иеленді

Украинадағы Тысовец қаласынжа Халықаралық шаңғы федерациясының қамқорлығымен шаңғы жарысы басталды. Жарыстың алғашқы күнінде жүлделі орындардың барлығы қазақстандық спортшыларға бұйырды, деп хабарлайды ҚР Шаңғы спорты федерациясының баспасөз қызметіне сілтеп Stan.kz.

Сурет: ҚР Шаңғы спорты федерациясы

Қазақстан ұлттық құрамасының құрамында ерлер және әйелдер тобынан 13, балалар құрамасынан 8 спортшы қатысуда.

Жарыстың алғашқы күні, 12 қаңтарда,  әйелдер арасыснда 10 километр, ерлер арасында 15 километр қашықтықта еркін жүріс бойынша жарыс өтті. Ерлер тобында жүлделі үш орынның барлығын қазақстандық спортшылар иеленді. Бірінші орынды Виталий Пухкало иеленсе, Олжас Климин екінші орын, ал Денис Волотка үшінші орын алды. Ақмолалық Николай Чеботько төртінші орынға жайғасты.

Ал әйелдер арасында Щучинск қаласының спортшысы Тюленева Валерия бірінші орынға ие болды. Екінші орынды украиналық Марина Анцыбор иеленсе, павлодарлық Анна Шевченко жүлделі үшінші орыннан көрінді.

Оқи отырыңыз:

Қазақстандық актриса Абу-Дабиде джиу-джитсудан өткен жарыста алтын жүлдеге ие болды

Дәрігер Ақтау-Тараз ұшағының жолаушысының өмірін аман алып қалды

Шымкентте өткен тойдағы құны 59 миллион теңге тұратын торт қазақстандықтарды таңдандырды (фото, видео)

Белгілі журналист Бибігүл Дәулетбекқызы Төреғалиден ақшасын ала алмаған продюсерді сынап тастады

Талқылау