Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Ресейдің азаматтығын алғысы келді

Ресейдің атынан ойнап жүрген қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаеваның анасы Лиана Таңжарықова қызының Ресей азаматтығын алғысы келетінін айтты. Олар төлқұжатты Ресей президенті Путиннің өзі табыстағанын қалайды.

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады.

Бибісара 2016 жылдың тамызынан Ресей құрамасында ойнай бастады. Анасының айтуынша, оны Қазақстанда бағаламағандықтан Ресейге кеткен. Ресейге көшіп барған жылы оларға Мәскеуден екі бөлмелі пәтер силаған.

«Біз толыққанды Ресей азаматы болғымыз келеді. Және президент Владимир Путин сайлауда жеңіп шығып, бізге төлқұжатты өзі табыстағанын қалаймыз», -дейді Таңжарықова.

«Мен өз қалауымды айтуға құқығым бар. Ресейге ешкім дәл Сара сияқты көп жеңіс силай алмайды. Бізге президенттің назар аударғанын қалаймыз», – дейді ол.

Айта кетейік, қаңтарда Ресей жаттықтырушысы шахматшы Бибісараға жарыс кезінде телефон ұстады, гроссмейстерден көмек сұрады деген айып таққан болатын. Осы оқиғаға қатысты 5 наурыза сот отырысы басталады.

Тағы оқыңыз:

Шетелдік басылым: Головкиннің бабында болған кезі өтіп кетті

БҚО-да өрт сөндіруші тауып алған ақша толы әмиянды иесіне қайтарды

Павлодарда қайтыс болған кадет оқушысының туыстары баланы біреулердің қорқытқанын айтты

ОҚО тұрғындары автокөлік сатып алудан көш бастап тұр

Талқылау