Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық режиссерТөлегеновтің фильмі халықаралық байқауда бас жүлдеге ие болды

Қазақстандық режиссер Дархан Төлегеновтің «Таңғы шапағат нұры» фильмі Қырғызстанда өткен халықаралық кинофестивальде бас жүлдеге ие болды. Бұл туралы қырғыздың Кабар ақпарат агенттігі хабарлады.

421B15BD-50DD-4856-9935-B8975A053430_cx2_cy9_cw98_w600_r1

Осымен 5-ші мәрте өткізілген «Қырғызстан – қысқаметражды фильмдер елі» халықаралық  кинофестивалінің қорытындысында  аталған фильмде басты рөлді сомдаған Ерболат Атабай да төрешілердің шешімімен арнайы марапатқа ие болды.  Кинофестиваль жеңімпаздарына ақшалай және естелік жүлделер табыс етілді.

Айта кетерлігі, мерейтойлық кинофестиваль желтоқсанның 12-15-сі күндері «Манас» кинотеатрында өткен болатын. Кинофестиваль халықаралық және ұлттық конкурс негізінде өткізілді. Бірінші байқауға 13, ал екіншісіне – 9 фильм ұсынылған.

 

Талқылау