Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық психолог балаларды 5 жасқа дейін де еркелетпеуге кеңес берді

Қазақстандық психолог Венера Тельжан балаларды кез келген жаста еркелетуге қарсылық білдірді. Ол бұл еркеліктің зардабын ақыры бала да, ана да бірге тартатынын айтып жатыр.

жзх

Бұл туралы “Пендеміз ғой” бағдарламасында айтылды.

“Бай баласы” деген ұғым қазақ қоғамында ертеден бар. Ал бүгінгінің “Асаны мен Үсені” ертегідей өмірін әлеуметтік желіде мақтанышпен жариялап тұрады. Кейде кездейсоқ камераға түсіп, ерсі қылықтары жұрттың қызу талқысына түсіп жатады. Осы орайда, қазақстандық психолог балаларды бес жасқа дейін де еркелетпеуге кеңес берді.

“Өзім ұлдардың арасында еркелеп өстім. Балаларымды да еркелетіп, маған айтпақ ойларын түсінуге тырыстым. “Беске дейін балаңды әкеңдей сыйла, он жасқа дейін құлыңдай жұмса, он сегіз жасқа дейін досыңдай сырлас” деген қазақта жақсы сөз бар. Баланың еркелігі де әртүрлі болады. Бірі қырсық келсе, енді екіншісінің қылығы тәтті көрініп тұрады. Мен ортаншы баламды қатты еркелеттім. Қазір немерелерімізді төбемізге көтереміз. Еркелетпеске тағы болмайды. Ортаншы балам қазір 53 жаста. Әлі күнге дейін еркелетемін”, – дейді Бүбіш әже.

Психолог Венера Тельжан өз кезегінде баланы қай жаста да еркелетуге қарсы шықты. Маманның пікірінше, ана да, бала да кейін осы еркеліктің зардабын шегуі мүмкін.

“Бала 9 айлығынан бастап жақсы мен жаманды айыра бастайды. Қазір балаларды бес жасына дейін еркелетуге мен мүлдем келісе алмаймын. Қазір ата-ана өзінің баласын бір психикалық шаршыға кіргізіп қояды. Кейін өзі де сол “комфорт зонасынан” шыға алмай жүреді. Артынша баласын да шығара алмай қиналады. Осыдан түрлі астетикалық невроздар, сосын өзінің туған анасы баласына көмектесе алмайтындай жағдайға жетеді. Бұрынғы қатал тәрбиені қазіргі заманға алып келе алмайтынымыз өте өкінішті”, – дейді ол.


Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандық әке балаларды психологқа емдетуге қарсы шықты

Семейлік оқушы қыздардың сүйісіп тұрған сәті елді шошытты (видео)

Жамбыл облысында тұрғын үй алдына бір жасар сәбиді хат жазып тастап кеткен 

Оралда қоқыс арасында жалғыз тұрып келген әжейдің бармақтарын кесуі мүмкін

Талқылау