Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық миллионерге көлемді қарызы үшін елден шығуға тыйым салынды

Жеке  сот орындаушысы миллионер «Иволга-Холдинг» ЖШС директоры  Василий  Розиновқа Қазақстан аумағынан шығуға тыйым салды.

миллионер

Бұл туралы  Біздің Қостанай сайты жазған.

Бір айға жуық уақыт болды танымал кәсіпкер тіпті Ресейге шыға алмай отырған көрінеді. Қарызға батқан кәсіпкерге шетелге шығу құқын шектеу тек уақытша әрине. Дегенмен ол жеке сот орындаушысының шешіміне орай сотқа апелляциялық  шағым түсірмекші.

Ауқатты азаматтың еркіне тыйым осы жылдың 3-ші наурызында салынған екен. Кәсіпкердің заңды өкілі мұндай шешім жайлы ақпаратты тек 16-шы наурыз күні алған. Кәсіпкер « Қазақстандық дәнді-дақылдар команиясы» ЖШС үлкен сомада қарызданып қалған екен. Қарызын қайтаруға асықпаған ЖШС қожайынына сот орындаушысы осындай шектеу қоюға мәжбүр болған.

Василий Розинов сотқа жазған шағымында жауапты өзі емес компания екенін тілге тиек етеді. Ал құқықтық органның бұған байланысты шешімі алдағы уақытта белгілі болады.

 

 

Талқылау