Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық қыздардың арманына айналған Артур Төлеповтің жүрегін жаулаған ару кім (фото)

Елімізде танымал сүрбойдақтардың саны бірге кеміді! Иә, дүйім жұрттың алдында сүйіктісіне жүрегін ұсынған актер Артур Төлепов күні кеше бойдақтық өмірімен қош айтысты, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Қазақстандық қыздардың арманына айналған Артур Төлеповтің жүрегін жаулаған ару кім

Жұрт Төлеповті “Жаужүрек мың бала” фильміндегі Ілияс кейіпкері арқылы таниды. Дәл осы фильмнен кейін Артур өзін әншілік, жүргізушілік қырынан, қысқасы жан-жақты таныта бастады. Ал талай аруға арман болған Артурдың қалыңдығы жайлы не білеміз?

Қазақстандық қыздардың арманына айналған Артур Төлеповтің жүрегін жаулаған ару кім

Артурдың келіншегінің есімі – Мәдина. Сымбатты актердің жүрегін жаулаған қыз – Қарағандының аруы. Қос ғашық Алматыдағы мейрамханалардың бірінде танысқан.

Енді бойдақ емес: Артур Төлепов қалыңдығын ұзатып алды (фото, видео)

“Жүрегімнің иесін таптым. Онымен мейрамханалардың бірінде таныстым. Мәдина сол жерде жұмыс істейтін”, – деген болатын Артур бір сұхбатында.

Қазақстандық қыздардың арманына айналған Артур Төлеповтің жүрегін жаулаған ару кім

Артур бұған дейін болашақ жарының әлеуметтік не тұрмыстық жағдайына қарамайтынын айтқан болатын. Ең бастысы, ибалы да тәрбиелі әрі ата-анамды сыйлайтын қыз болса болғаны, – деп ағынан жарылған еді актер. Мінеки, Артур арманындағы аруын кездестірді.

Қазақстандық қыздардың арманына айналған Артур Төлеповтің жүрегін жаулаған ару кім

Белгілі болғандай, Мәдина Алматы технологиялық университетінің 2017 жылғы түлегі. Артурдың жүрегін жаулаған арудың өнер әлеміне еш қатысы жоқ. Айта кететін жайт, Мәдина тұрмысқа шыққаннан кейін Артурдың тегіне өткен.

Қазақстандық қыздардың арманына айналған Артур Төлеповтің жүрегін жаулаған ару кім

Еске сала кетейік, күні кеше Мәдинаның ұзату тойы дүркіреп өткен болатын.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

 

Талқылау