Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық қыз Nature журналы бойынша “жыл адамы” ондығына енді

Қазақстан тумасы Александра Элбакян ғылыми мақалаларды тегін оқуға мүмкіндік беретін Sci-Hub сайтын ашқаны үшін Nature журналы бойынша “жыл адамы” ондығына енді.

1243549

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

Жыл сайын бұл рейтингке жаңалығы ғылымды одан сайын дамытуға үлесін қосқан ғалымдар енеді.

Қазақстандық Александра Элбакян 2011 жылы Sci-Hub пираттық сайтын ашады. Ол 2009 жылы Алматы қаласында аспирант болып жүріп, ақылы ғылыми еңбектерге қолы жетпегеніне налыған екен. Нәтижесінде қыз баспагерлердің ақылы басылымдарынан бөлек дереккөз тапты. 2011 жылы ол үдерісті автоматтандыруға шешім қабылдап, мақалалар көшірмесін жинақтайтын сайттың негізін қалады.

Nature журналы ең ежелгі әрі беделді жалпыхалықтық ғылыми журналдардың бірі. Бұл басылымда негізінен жаратылыстану ғылымдары тақырыптарын қамтитын әр түрлі зерттеулер жарияланады.

Жіберіп алмаңыз:

Өскеменде жоғалып кеткен оқушы қыз табылды

Синоптиктер алдағы күндері қатты аяз болады деп болжауда

Біздің арамызда кім ішімдік ішпейді: Бердоңғаров Тінікеевке  жақтасты

Талқылау