Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жеті жасар қазақстандық қыз «Игры престолов» сериалының кастингіне қатысып жатыр

7 жасар Русалина Шарипова «Томирис» фильмі мен «Игры престолов» сериалына түсу үшін кастингтен өтіп жатыр деп хабарлады ҚазАқпарат.

Бокс бойынша әлем чемпионы Фируза Шарипованың сіңлісі Русалина қазақ және шетелдік кинофильмдерде түсу үшін кастингке қатысып жатыр.

«FSK Promotion компанисы Русалинамен жұмысты бастап кетті. Ол бокс залына да барып, сондай-ақ актерлік шеберліктің қыр-сырларын үйреніп жатыр. Біз Русалинаны жан-жақты болуға дайындап жатырмыз. Камерамен жұмыс істеуді, фильмдерде қалай ойнауды және жақсы сөйлеуді, бастысы әпкесі секілді мықты жұдырықтасуды үйретудеміз. Қазір «Томирис» фильміне 6 жане 9 жасқа дейінгі қыздарды қабылдап жатқандықтан, біз де Русанинаның суреттерін жіберіп қойдық. Бір қуаныштысы «Игры престолов» сериалына түсуге шақырады деген үміт бар»,- дейді Сергей Завилевский.

Айта кетейік, 7 жасар Русалина Шарипова Тараздағы бокс сарайында жаттығу жұмыстарын бастап кетті. Оның әпкесі Фирузаның айтуынша, сіңлісі оның жолын қайталап қана қоймай, жаңа жетістіктерге қол жеткізетініне сенімді.

Жіберіп алмаңыз:

Төреғалидің журналистерге арнаған жауап-бейнебаяны жарыққа шықты (видео)

Отандық жұлдыздардың мектептегі “күнделігі” жұртты күлкіге қарық қылды (видео)

Өзіме-өзім беремін жауап, сенің де менде шаруаң болмасын: Төреғалидің әні желіде шу болды

Төреғали Төреәлі халық арасына шыға бастады (видео)

 

Талқылау