Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық қысқаметражды фильм Азияның «Оскарын» алды

Қазақстандық режиссер Елзат Ескендірдің «Өліара» фильмі Оңтүстік Кореяда өткен Пусан халықаралық кинофестивалінің сыйлығын жеңіп алды.

20161016155914

Елзат Ескендіровпен бірге Sonje Award аталымына Viewer (көрермен) фильмі үшін оңтүстіккореялық Ким Соуен де лайықты деп табылды. Жеңімпаздарғы сыйлық ретінде мүсін мен 10 млн кореялық вон (10 мың доллар) беріледі, деп хабарлайды Қазақпарат.

вв

Айта кетейік, фильм танымал жазушы Оралхан Бөкейдің повесінің негізінде түсірілген. Бұл повестің басты кейіпкері – бақташы. Ай туатын уақытта ол рухани дағдарысты бастан өткереді. Ол әйелінің «көзіне шөп салғанын» біліп қалып, одан мүлдем кетіп қалмақ болады.

Безымянный

Фильмнің қоюшы-режиссері Елзат Ескендір, ал фильмді таспалаған басты қоюшы оператор – Мейірбек Беспаев. Сценарий авторы – Елзат Ескендір мен Өміржан Әбдіхалықұлы. Басты рөлдерді Асылболат Смағұлов, Баян Қажынабиева, Дулыға Ақмолда және Мақсат Әбдірахмен сынды сақа актерлер сомдаған. Ал, фильмнің продюсері Сергей Әзімов, қосымша-продюсерлері Анна Вилгельми (Германия), Дария Әзімова.

Атқарушы продюсер – Дәурен Дариябек.

пп

Жіберіп алмаңыз:

Астаналық ару Молданазардың әніне билеп танымал ТВ-шоуға қатысты (видео)

Балаларға арналған басқатырғыш желі қолданушыларын тығырыққа тіреді

Бір мезетте 300-дей жыланды жібере салған ер адам жұртты таң қалдырды (видео)

Кімнің қалыңдық көйлегі әдемірек? Қазақстандық жұлдыздардың той көйлектері (фото)

Талқылау