Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық ғылым кандидаты мен докторлары плагиат жасады деген күдікке ілінді

Қазақстандағы білім салалсы еңбегі сіңбеген кандитаттар мен доктор дәрежесіндегі педагогтер кесірінен сапасыз күйде. Бұл ғалым Данияр Сапарғалиевтің пікірі. Ол үкіметте плагииатқа ауқымды тексеру жүргізуді сұрайды.

Қазақстандық ғылым кандидаты мен докторлары плагиат жасады деген күдікке ілінді

Данияр Сапарғалиев, әсіресе, 90-жылдары жазылған ғлыми жұмыстарды тексеруді талап етеді, деп хабарлайды 31 арна. 

Алматылық ЖОО-ның ғылыми қызметкері Данияр Сапарғалиев әріптестерімен бірге еліміздің білім саласындағы олқылық планиаттан басталады деген шешімге келді. Кандидаттар мен докторлардың 99 пайызы 2011 жылға дейін дәрежесін қорғағандар. Оған дейін плагитты тексеретін бағдарлама шыққан жоқ.

“Сенаттың 40 пайыз депутаты, Парламентті жоғарғы палатасының 30 пайызы ғылым дәрежесін иеленген. Мәжіліс депутаттардың ғылыми дәрежесі бар. Үкіметте 30 пайыз ғылыми дәрежесі барлар, оқу орнының ректорлары. Бәрін әділ, ашық түрде тексерейік”, – деді доцент-зерттеуші Данияр Сапарғалиев.

Плагитқа тексеретін бағдарламалардың бәрі бірдей. Жұмыс көшіріліп, сүзгіен өтеді. Мәтін өзге материалдардағы мәтінмен салыстырылады. Қазір әрбір оқу орнында мұндай бағдарлама бар. Алайда оқытушылар мен ректорларды тексеруге ешкім құлық танытып отырған жоқ.

“Біздегі бар бағдарлама әлемдегі ашық базаларды тексеруге мүмкіндік береді. Біз барлық студенттік жұмыстарды, магистрлік жұмысты плагиатқа тексереміз. Бұл сапасыз жұмысты анықтауға өмектеседі”, — дейді мемлекеттік университеттің академиялық жұмысы жөніндегі проректоры Петр Быков.

– Кейде өзім жазам, кейде ғаламтордан көшірем.

– ал, сен плагиатқа тексеретінін білесің бе?

– Иә, бірақ дұрыс болады деп ойлаймын.

– Ақпаратты көшіріп алу – қалыпты жағдай ма?

– Енді толық көшірмейміз ғой, өңдеп жазамыз. студенттердің көпшілігі солай істейді.

Әзірге ешқай оқу орнының доценттер мен доктор, профессорларды тексеретін жоспары жоқ. Transparency Kazakhstan қоғамдық қорының сарапшылары да ғылыми жұмыстардың сапасыздығын айтты. Олар 1991 жылдан бастап жарияланған барлық ғылыми жұмысты тексеруді сұрайды. Қателік табылған жағдайда диссертациялық кеңестің дәрежесін алып тастайды және жұмыстан шығарады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау