Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық ғалымдар қымыздың адам өмірін ұзартатынын дәлелдеді

Қазақстандық ғалымдар адамның ұзақ өмір сүруінің сырын ашты. Олардың зерттеуі бойынша, қазақтың ұлттық сусыны адамның қартаюының алдын алады.

95f8d662efbdc15aa1852f33978bdb5f

Бұл туралы Экспресс К хабарлайды.

Дұрыс тамақтану ұлттық орталығы зерттеу жүргізіп, қарттарға 60 күн бойы тек бие сүтінен дайындалған тағамдар берді. Қазақ тамақтану академиясында жасалған йогурт, шоколад пен балмұздақ дәмді ғана емес, денсаулыққа да пайлады болып шықты. Екі ай ішінде қарттардың 90 пайызының ағзасында холестерин төмендеп, қан құрамында глюкоза азайған.

«Биі сүтінің жасалған тағамдарды қарттарға күн сайын тұтынуға болады. Ол адамның қартаюына қарсы күреседі. Көптеген аурудың алдын алады. Біздің тағамарымыз остеопороз, қант диабеті дертін болдырмай, қан айналымын жақсартады», – дейді Қазақ тамақтану академиясының басшысы Төрегелді Шарманов.

Академиктің айтуынша, бие сүтінің кереметтілігінің сыры – оның құрамында қатерлі дерт, диабет, Альцгеймер мен күйзеліске түсіретін транс-май қышқылы жоқ. Тек бағасы қымбаттау. Бие сүтінен жасалған 70 грамдық шоколад 500 теңге тұрады. Йогурт бағасы – 300 теңге, балмұздақ – 150 теңге. Уақыты келгенде ғалымдардың жасаған отандық өнімді әр қазақстандық үшін қолжетімді болады.

Төрегелді Шарманов қымызды еліміздің визикалы карточкасы іспетті санайды. Егер бие сүтінен жасалған тағамдарды көпшілік тұтынса, өмір сүру ұзақтығы артатын еді. Ондай елдер қатарына Окинава, Икария мен Сардиния, коста-Рикадағы Никоя, АҚШ-тағы Лома-Линда қалашықтары жатады. Ондағы орташа өмір сүру ұзақтығы – 90-100 жасты құрайды.

Татьяна Куан

Жіберіп алмаңыз:

Бие сүтінің ағзаны тез қартайтпайтыны дәлелденді

Қымыздың сіз білмейтін сырлары

Талқылау