Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық Галбадрах Отгонцэцэг әлемнің үздік дзюдошысы атанды

2016 жылғы олимпиада ойындарының қола жүлдегері Галбадрах Отгонцэцэг әлемдік рейтингте көш бастады. Бұл туралы Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметі хабарлауда.

01ff093fcb8ecd0a5e38aed5170294d8

Фото: prosportkz.kz

Екінші орында -олимпиада ойындарында үш жүлдені де (алтын, күміс, қола) мойнына тағып көрген кубалық Ортис Иадалис. Ол Рио олимпиадасында 78 келі салмақта екінші орын алған. Ал үздік үштікті екі дүркін олимпиада чемпионы, 2010 жылғы әлем чемпионы 78 келі салмақтағы америкалық Кайла Харрисон.

Галбадрах Отгонцэцэг әлемнің үздігі атағынан медалдерінің саны бойынша қол жеткізді. 2016 жылы ол он жарысқа қатысып, 5 алтын, екі күміс, үш қола иеленді. Ол Grand Slam турнирінің де екі дүркін жеңімпазы атанған. Сонымен қатар, халықаралық Гран-при сайысында да екі рет топ жарып, Азия чемпионы деген атақты да иеленген.

Жүлделерінің қатарында Grand Prix бәсекесіндегі күміс, Баку мен Тбилисиде өткен жарыстардағы қос қола бар. Оның спорттық мансабындағы ең ірі жүлдесі Рио олимпиадасындағы қола медаль. Галбадрах Рио додасында 48 келіге дейінг салмақта сынға түскен болатын.

Оқи отырыңыз:

Қанат Ислам Атырауда жетім балаларға теледидар сыйлады (фото)

АҚШ президенті Трамптың Головкинді күтіп тұрған видеосы пайда болды (видео)

Бүркіт Айшаның стилін сынға алғандарға жауап берді

Ринат Зайытов: Ақынды төрт дөңгелекті темірмен өлшейтін дәрежеге жеттік

Талқылау