Қазақстандық дизайнерлердің киімі қанша тұрады?

Дүйсенбі, 10 Қазан , 2016 11:59

Қазақстандық дизайнерлердің киімдері мен аксессуарлары көтерме бағамен сатылатын түнгі сауда үйі ашылды. Designers City сауда орталығында Stan.kz тілшісі қонақта болып, отандық өнімдердің сапасы мен бағасы туралы ақпарат жинады. Мұнымен қатар, дизайнерлердің киімдерін суретке түсіріп, жоба продюсерінен орталықтың басты мақсаты туралы сұрап білді.

3E0A0315

Алғаш рет ТМД аумағында fashion-сауданың жаңа форматы ұсынылды. Алматы қаласында Designers City сауда үйінде еліміздің 100-ге жуық дизайнері өз топтамаларын көтерме бағамен сатып жатыр. Түнгі сауда орталығы сағат 20:00-ден түнгі сағат 02:00-ге дейін жұмыс істейді.

Орталықтың басты мақсаты – Қазақстанда жеңіл өнеркәсіпті дамытып, ішкі және сыртқы нарықта отандық бренд өнімдерін көбейту. Ең бастысы, осы өнімдердің қолжетімді бағада ұсынылуын қадағалау. Қазан айының басында дизайнерлер өз туындыларын көтерме бағамен сатуды бастап кетті.

3E0A0378

3E0A0335

Designers City менеджменті кәсібін жаңадан ашып жатқан және ісін дамытып үлгерген байерлермен де жұмыс істеуді мақсат тұтады. Мұнымен қатар, ол алдағы уақытта Қазақстанның өзге қалалары мен Таяу Шығыстағы мемлекеттермен тығыз байланыс орнатпақ.

3E0A0359

3E0A0315

Бизнесмендердің айтуынша, бірнеше жылдан кейін осы жобаның арқасында Қазақстан шетелдік тауарға деген тәуелділіктен арыла алады. Ал бұл мақсатты жүзеге асыру үшін ішкі өнімдердің бағасы импортпен бәсекелесе алатындай дәрежеде болуы керек. Яғни, халыққа отандық өнімдерді тек қолжетімді бағада ұсынулары керек.

3E0A0213

3E0A0401

“Басты мақсатымыз – аумағы 1 300 шаршы метр болатын сауда орталығында Қазақстанның ең танымал дизайнерлерінің басын біріктіру. Олар осылайша өздерінің өнімдерін халыққа таныстырып, ішкі нарықтың дамуына атсалыса алады. Мұнымен қатар, бұл жерде жаңа таныстар табады. Өнімдерін көтерме бағамен сату арқылы өздері де табысқа кенеледі. Көпшілік “Сауда орталығы не себепті түнде жұмыс істейді?” деп сұрап жатады.

Кешкі мезгіл – байерлердің осында келіп сауда жасауына таптырмас уақыт. Сенбіден өзге күндері есігіміз ашық. Бұдан өзге дизайнерлеріміздің топтамасын суретке түсіріп, оны интернет-дүкенге жариялаймыз. Дәл қазір аталған сайт жөнделіп жатыр. Психологтармен, белгілі мамандармен де жұмыс істейтін боламыз. Келушілер көтерме бағамен ғана жұмыс істеуіміздің де себебін сұрап жатады. Біз бар болғаны осылайша отандық жеңіл өнеркәсіпті дамытқымыз келеді”, – дейді жобаның продюсері Әнел Ерімбетова.

3E0A0428

3E0A0424

Жуырда Designers City интернет-дүкені де ашылмақ. Аталған дүкен арқылы әлемнің түкпіріндегі байерлер қазақстандық заттарды өздері қалаған мөлшер мен уақытта ала алады. Бұдан өзге аталған сайтта қазақстандық дизайнерлер туралы толық ақпарат жазылады.

3E0A0430

3E0A0419

Designers City дизайнерлерге үнемі маркетингтік қолдау көрсетіп, тегін жарнама жасап береді. Жоба аясынды түрлі шара ұйымдастырылады. Ал орталықтың ішінде дизайнерлерге қолайлы жағдай жасалған.

3E0A0169

A&A, бас киім – 9 000, көйлек – 25 000, тон – 50 000 теңге

3E0A0171

LA For Seowsound

3E0A0193

Ikerim, сарафан – 9 000, водолазка – 4 000 теңге

3E0A0223

AUA clothing, жейде – 4 000, сарафан – 9 500 теңге

3E0A0247

AUA clothing, свитшот – 5 000, белдемше – 8 400 теңге

3E0A0272

Aida Kaumenova, блузка – 11 200, белдемше – 10 500 теңге

3E0A0285

MatLyBa, көйлек – 26 000 теңге

3E0A0296

Gazieva Gulmira, көйлек – 12 000 теңге

Суреттің тұсында көрсетілген бағалар өзгеруі мүмкін. Сауда орталығының мекен-жайы: Алматы қаласы, “Қайрат” ықшамауданы, 181 (Жетісу базарының территориясында орналасқан). Сенбіден өзге аптаның барлық күнінде жұмыс істейді.


Жіберіп алмаңыз:

Бірінші болып көріңіздер: Қазақстан сән апталығында не көрсетеді (фото)

Балнұр Асанованың киім үлгілері сән апталығына келгендерді таңырқатты

Сәнбике Аружан Жазылбекова подиумде бірнеше рет құлай жаздаған

Украиналық журналист Ким Кардашьянға шабуыл жасады (фото, видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар