Сәнбике Аружан Жазылбекова подиумде бірнеше рет құлай жаздаған

Сейсенбі, 26 Сәуір , 2016 16:00

Күні кеше Аэрофлот пен Эйр Астана компанияларының арасындағы түсініспеушілікке бола жүйкесі жұқарған Жазылбекова сән көрсетілімі кезінде подиумда бірнеше рет аяғы тайып, құлап қала жаздаған.

12446322_500634570142000_935446261_n

Фото: instagram.com/arujazz/

Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.

Актриса әрі сәнбике Аружан Жазылбекова “Moschino”, “A La Russe”, “Rushev” сынды брендтердің киімдері мен әшекей бұйымдарын жиі таныстырады. Бұл жолы сәнбикеге Mercedes Benz сән апталығында “IL” брендін таныстыру мәртебесі бұйырған.

Подиумға бірінші болып шыққан Жазылбекова бірнеше рет сүрініп, құлай жаздаған. Десе де, актерлік шеберлігін пайдаланып көрермендерге түр бермеген сыңайлы.

“IL” брендінің топтамасын алғашқылардың бірі болып таныстырдым. Mercedes Benz Fashion Week кезінде бірнеше рет құлап қала жаздадым. Аяғым сырғанаған сайын барынша түр бермеуге тырысып, сабырлық таныттым. Подиумде бұлай жасамасқа амал жоқ”, – деп актриса өзін көрсетілімге шақырған сәнгерлерге алғыс айтты.

новый коллаж

Фото: instagram.com/ilati_collection/?hl=ru

Аталған бренд киімдерін Аружан Жазылбекова ғана емес, отандық актриса Әсел Сәдуақасова мен Әсел Сағатова да таныстырған болатын.


Оқи отырыңыз:

Аружан Жазылбекова Мәскеуге чемодан толы шай алып барған

Актриса Аружан Жазылбекованың жүйкесі неге жұқарды

Қазақстандық актрисалар қымбат киім жарнамасына түсті (фото)

Қазақтың телехикаяларында бой көрсеткен ең сымбатты әрі сұлу 10 актрисасы

Бірінші болып көріңіздер: Қазақстан сән апталығында не көрсетеді (фото)

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.08.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар