Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық актрисалар қымбат киім жарнамасына түсті (фото)

NUMERO UNO мультибрендтер бутигі қазақстандық жас актрисаларға қымбат киім ұсынып, оларды арнайы түсірілімге шақырды.

Numero-Uno-12-2015-18

Бұл туралы buro247.kz хабарлайды.

Аталған жарнамаға түскен актрисалар – Айнұр Ниязова мен Аружан Жазылбекова.

Түсірілімге арулар A La Russe пальтосы мен свитшоттар, тоқыма жіптен тігілген V пішінді ойығы бар көйлектер, Magda Butrym күдері көйлек, классикалық твид костюмдер мен Litkovskaya ерекше белдемшесін таңдады. Ал образды Moschino, A La Russe, Rushev аксессуарлары толықтырды.

Numero-Uno-12-2015-3

Айнұр Ниязова 1985 жылы 8 тамызда Павлодар қаласында дүниеге келген. Балалық шағында ойын ойнаудың орнына, тігін машинасының алдына отырып киім тігетін болған. Мұнымен қатар, балалар ансаблінде би билеген. Мектеп-лицейді тәмамдаған соң Астана қаласындағы музыка және театр академиясына түседі. Университет қабырғасында білім алып жүріп “Афиша” бағдарламасын жүргізеді. Бұл кезде актриса небәрі 19 жаста болатын. Кино әлеміне қадам баспас бұрын, ән айтқан. Қазіргі таңда аксессуарлар дизайнін құрастыратын актриса алғаш рет “Ликвидатор” фильмінен бой көрсеткен.

Numero-Uno-12-2015-4

Numero-Uno-12-2015-5

Numero-Uno-12-2015-8

Аружан Жазылбекова 1986 жылы 25 ақпанда Алматы қаласында дүниеге келген. Аружанның кәсіби мамандығы журналист болса да, көптеген фильмдерге шақырту алып, басты рөлдерді сомдап жүр. 2010 жылы режиссер Тоқтар Қарсақбаев “Махаббат әткеншегі” атты киноға басты рөлді ойнауға шақырады. Бұдан кейін жастарға арналған “Әсел және оның достары” атты телехикаяда басты рөлді сомдап, Егор Кончаловскийдің “Астана – менің жүрегім” атты киноальманахында бой көрсетеді. 2012 жылы “Санжар мен Қайсар”, “Нұркеновтар отбасы” атты телехикаяларға түскен.

Numero-Uno-12-2015-9

Numero-Uno-12-2015-10

Numero-Uno-12-2015-11

Numero-Uno-12-2015-12

Numero-Uno-12-2015-15

Numero-Uno-12-2015-16

Естеріңізде болса, осы уақытқа дейін Аша Матайдың сәнді киім жарнамасына түскені туралы жазған болатынбыз.

Талқылау