Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық дизайнерлер Mercedes-Benz Fashion Week Russia-ға коллекцияларын ұсынды (фото)

Мәскеуде «Манеж» орталық көрме залында 11-16 наурыз аралығында өтіп жатқан Mercedes-Benz Fashion Week Russia сән апталығы аясында қазақстандық дизайнерлердің киім үлгісі көрсетілді.

20160312010547

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Қонақтар назарына Ресей, Грузия, Украина және т.б. елдерден, сондай-ақ қазақстандық Alex Chzhen», «Chaude by Khafiz-Khan», «Tamara Lamanukaeva» және «Samidel» брендтерінің жетекшілері – 50-ден астам дизайнерлер коллекцияларын ұсынды.

Прет-а-порте сән апталығының Орталық Азиядағы ең ірі өкілі – Kazakhstan Fashion Week дизайнерлері мен ұйымдастырушылары көрсетілімге алғаш рет қатысты. Шарада қазақстандық дизайнерлерге жоғары баға берілді.

«Қазақстандық дизайнердің желісіне таңғалдым. Коллекцияға ерекше талғаммен қараған», – деген ойымен бөлісті көрсетілім қонағы Наталья Кирилова.

«Қазақстандық дизайнерлердің жетістікке жететініне сенімдімін. Олардың коллекцияларының ерекшелігінен, тартымдылығынан-ақ мұны байқауға болады», – деп атап өтті қонақтардың бірі Жанна Маркова.

20160312010549 20160312010553 20160312010556 20160312010559 20160312010605

Талқылау