Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық депутат Германиядан Астанаға ұша алмай отыр

Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова Қазақстандық әуекомпанияны сынға алды. Ол Германияның Фракфурт қаласынан Астанаға ұша алмай отырғанына 2 тәулік болғанын айтты. Бұл туралы ол желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz.

Оның айтуынша, Астанаға 2 тәулік бұрын ұшып кетуі тиіс ұшақтан ақау шыққан.

“Фракфурттан Астанаға ұша алмай отырғаныма 2 тәулік болды. Air Astana компаниясының ұшағы ұшуға дайын емес. Мұнда, оны неміс мамандары тексерді, ақауы бар екені анықталды. Шассидің доғалағына бірдеңе болған. Ал бұл бірінші рет емес екен. Әуежай қызметкерлері біздің компаниядан ұшатын ұшақтарда үнемі осындай мәселе барын айтты. Air Astana, бүгін ұшамыз ба? Жетеміз бе?”, – деп жазды ол.

Ол жыл сайын билет бағасының өскенімен қоймай жағдайдың жақсармағанына қынжылды.

Тағы оқыңыз:

Алматы мейрамханасында жаппай улану: қожайындар айыппұл төлеп құтылып кеткен

Жетінші арнада бұрын-соңды болмаған, Ләйлә Сұлтанқызымен жаңа ток-шоу

Назарбаев Кемеровода болған қайғылы оқиғаға байланысты Путинге көңіл айтты

Кемеровадағы өрттен кейін қазақстандық шенеунік балаларын сауда орталықтарына жіберуге ойланып қалған

 

 

Талқылау