Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бразилияда оқыған футболшыларға жұмсалған қаражат көлемі жұрт наразылығын туғызды

Бразилияға барып жаттықса да еш нәтиже көрсетпеген қазақстандық футболшылар ел азаматтарының ашуын келтірген.

ымым

Бұл туралы Шамшархан Өмірзақов есімді азамат өзінің Фейсбуктағы парақшасында жазды. Ол “бразилиялықтар” деп аталатын Қазақстан жасөспірімдер құрамасын сынға алған. Ол футболшыларға жүздеген миллион жұмсалғанына қарамастан, олардың Ресейде өткен Гранаткин кубогында ең соңғы орын алғанына наразы. Ол сайысқа 18 команда қатысқан болатын.

“Біздің құрама соңынан санағанда бірінші орын алды. Олар Ресейден 5-0, Болгариядан 2-0, Молдовиядан 3-0, Словакиядан 1-0, Эстониядан 5-2, Ресей-2 командасынан 4-2 болып ұтылды. Оның өзінде бір голды ресейлік өз қақпасына салды. Бразилияға барған 50 баланың 15-і бірінші лигада “Бәйтерек” командасы болып ойнайды. Олар да чемпионаттың ең соңында жүр. 11 ойынның бәрінде жеңіліп, қақпаларына 33 доп жіберген. Ұят. 294 000 000 теңгені онда не үшін төледік? Оқуға кеткен 26 баланың әрқайсы үшін 72 мың доллардан төленген екен. Оларды іріктеумен кімдер айналысты? Бұл тізімге ауылдағы талантты балалар мүлде ілінбейді”, – дейді ол.

Өмірзақовтың жазған посты әлеуметтік желіде 1300 лайк, 200-ден астам пікір жинап, 800 рет бөлісілген.

Бұған дейін еліміздің спорт министрі жас футболшыларды Бразилияға жіберу тоқтатылатынын айтқан еді.

Талқылау